Умиров Юсуф Бурбайұлы

 Умиров Юсуф Бурбайұлы

      

Умиров Юсуф Бурбайұлы 6 қазан 1960 жылы Ақтөбе обылысы Шалқар ауданы

Бершүгір станциясында дуниеге келген.

1975 жылы Умировтер отбасы Ақтөбе қаласына қоныс аударады.

1977 жылы Ақтөбе қаласындағы №6 орта мектпті бітіргеннен кейін, Қазақ химия –технологиялық Институттың «Өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс» факультетіне оқуға түсіп, аталған оқу орнын «инженер-құрлысшы»

мамандығы бойынша 1982 жылы бітірген.

1982-1984 жылдары аралығында Совет Армиясы қатарында әскери міндетін атқарған.

1984 жылдын желтоқсан айы мен 1995 жылдың қазан айы аралығындағы кезеңде

«Актюбинсктрансстрой» трестіне қарасты ГОРЕМ №23 мекемесінің әртүрлі басқарушылық қызметтерінде болған.

1987 жылы Чернобыль атом электростанциясындағы апат зардаптарын жоюға қатысқан.

2001 жылдыңжелтоқсан айында жекеменшік «Элитстройсервис-Актобе» ЖШС құрылыс компаниясын құрған.Сол кезден бастап осы компанияны басқарып келеді.

Басқару жүйесін жақсы меңгерген,ұйымдастыру қабілеті мол,кәсіптік мамандықты

жақсы игергендіктің арқасында көптеген құрылыс жобаларын іске асырып, қаламызды

әсем сәулетімен көркейтіп тұрған үлкен нысандар салынды (оның ішінде мектептер, бала-бақшалар).

Қызмет барысындағы нәтижелі еңбегі үшін бірнеше рет мемлекеттік органдар мен жеке құрылымдардың, Ұлттық экономика Министрлігі, «Нұр Отан» партиясы,Ақтөбе облысы және қаласы әкімдігі,Ақтөбе қалалық құрылыс бөлімі, «Қазақтелеком», Ұлттық банк,Ақтөбе мемлекеттік университеті атынан Құрмет Грамоталары мен Алғыс хаттарына ие болды.

Умиров Юсуф мырза компанияның материалдық-техникалық жағдайын жақсартуды қамтамасыз етуге,жаңа технологиялар мен әдістерін енгізуге, жұмысшылардың еңбек өнімділігін арттыруға коп көңіл бөліп,аянбай еңбек етеді.

Умиров Юсуф мырза әлеуметтік-экономикалық бағдарламаларды іске асыруға белсене қатысады,бұл ретте облыс тұрғындарының ҰОС ардагерлері,қарттар мен жетім,мүгедек жандар секілді аз қамтылған бөлігіне қаржылық-материалдық көмек

көрсетеді. Отбасылы.Зайыбы Умирова Алмагуль 1963 жылы туылған, уй шаруасында.

Отбасында екі бала тәрбиеленуде:

Қызы Умирова Майя – 1987жылы  туылған.

Ұлы Умиров Нұрбек – 1992 жылы туылған