Оқиғалар

Қазақстандағы отбасы және денсаулық күндерін мерекелеу шеңберінде мектебімізде дәстүрлі өтетін «Біз біргеміз!» атты денсаулық фестивалі өтті. Фестиваль спорттық жастарымен жалғасты.

Дәстүрлі өтетін «Алтын күз» аптылығы оқушылардың көрмесімен басталып 4-6, 7-8,9-11 кластар аралығында өткен «Күз ханшайысы» «Күз ханзадасы мен ханшайымы -2019» атты шығармашылық байқаулары өтті.

 

 

 

 

 

 

 

 

17.10.2019ж. Ғ.Ақтаев атындағы № 6 орта мектебінің 8 «Ә»класс оқушылары Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасында өткен Рухани келісім күніне арналған «Тәуелсіздік негіздерінің бірі-рухани келісім» атты мерекелік кешке қатысты.

 

 

 

 

 

 

 

Н.Байганин атындағы облыстық балалар кітапханасының ұйымдастырумен мектебімізді 23 қазан күні ғалым, профессор, тіл жаңашыры, бұрын мектебімізде еңбек еткен ұлағатты ұстаз Рабиға Сыздықованың 95 жасқа толу құрметіне «Ана тілінің – Абыз анасы» тақырыпта портрет кеші өтті. Қ.Жұбанов атындағы мемлекеттік өңірлік университетінің оқытушысы мен студенттері, мектебіміздің ұстаздары мен оқушылары қатысты.

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқушылардың діни сауаттығын арттыру мақсатында 15 қазан күні 8-11 класс оқушылармен «Аңсар» ақпараттық талдау орталығының теолог маманы Қ.С. Имағанбетовтың қатысуымен «Дін және біз» тақырыпта кездесу сағатты өтті.

 

 

 

 

 

 

 

 

201- ж. –Қазақстан Республикасының Бала құқықтары туралы Конвенцияны қабылдауының 30 жылдығымен ратификациялауының 25 жылдығын мерекелеу қарсаңында  мектебімізде 13 қараша күні 8-11 класс оқушылары үшін « Бүгінгі шақ және болашақ: әр бала үшін қорғаныс қамтамасыз етілген балалық шақ» атты Дүниежүзілік сабақ өтті. оқушылар сауалнама сұрақтарына жауап берді.

 

 

 

 

 

23.10.2019ж. Ақтөбе қаласы қорғаныс істері жөніндегі басқармасының бірінші орынбасары, майор И.Ш.Кутанов 10-11 класс оқушыларына кәсіби бағдар беру мақсатында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

 

 

 

 

 

 

 

 

Ақтөбе қаласы ІІБ Алматы ауданы № 3 ҚПБ ЮПТ КТІЖ УПИ полиция аға лейтенанты мектеп инспекторы Н.Сутеев «Жасөспірімдер» жедел профилактикалық іс – шара аясында «Қылмыстылықтың алдын алу», «Әкімшілік құқық бұзушылық», «Жасөспірімдер арасындағы қоғамға қауіпті іс – әрекеттерді болдырмау», «Суық қару, травматикалық қаруларды пайдаланбау» тақырыбында 8-11 класс оқушыларына профилактикалық жұмыс үргізілді.

Ақтөбенің 150 жылдығына арнау мақсатында «Ақтөбе – таза қала» атты акцияға мектеп ұжымы мен Ғ.Ақтаев оқушылары атсалысты!

 

 

 

 

 

 

 

 

Туған жер шеңберіндегі Ақтөбе қаласының 150жылдық мерейтойы қарсаңында «Ұлы істерге ұмтылдырған -150 жыл» жобасы аясында ұйымдастырылған Алматы ауданының мектеп оқушыларының қатысуымен челленджұйымдастырылды. Челлендждің қорытындысында ұлтжандылық пен отаншылдық, жауапкершілік пен ұйымшылдық танытқаны үшін «Ынтагерлік танытқаны үшін» номиноциясымен № 6 орта мектеп Алғыс хатпен және естелік сыйлықпен марапатталды.

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстанның РеспубликасыныңТәуелсіздік мерекесі қарсаңында мектебімізде2 және 5 –класс оқушыларын Республикалық бірыңғай «Жас Қыран» және «Жас Ұлан» балалармен жасөспірімдерұйымына қабылдау салтанатты жиыны өтті. Салтанатты қабылдау шарасы барысында ұйымға қабылдаушылар отансүйгіш болуға, ел мен жерді, ата-ананы қадірлеуге, оқуда озат, еңбекте адал болуға, табиғатты аялауға ант берді. Шара барысында директордың оқу- тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Д.Б.Мұханбедиярова, 1953 жылғы ектеп түлегі, Ы.Алтынсарин төс белгісінің иегері, қамқоршылық  кеңестің төрағасы Қуан Қамалхан Қуанұлы және запастағы майор,АӘД пәнінің мұғалімі Е.Түбір ұйымға қабылданған оқушыларды құттықтап, биіктерден көрінулеріне тілектерін білдірді.