«Жалпы білім беретін мекемелердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтануды ұсыну»

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 650 бұйрығының 6 қосымшасына сәйкес «Жалпы білім беретін мекемелердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтануды ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес қабылданды.

 Мектебімізде ыстық тамаққа арнайы құжаттармен мен ата-ананың өтінішіне сәйкес қарастырылды. Жекелеген категорияға көп балалы отбасылар, аз қамтылған отбасылар, сондай-ақ, жетім мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған оқушылар енгізіледі.

Оқушылардың ыстық тамақ ішу сәті

 

Адам баласының денсаулығын сақтаудың басты шарты – дұрыс тамақтану. Сол себепті тамақтануға ерекше көңіл бөлген жөн. Тамақтың құрамының құндылығы басты назарда болғаны дұрыс. Тиімді, дұрыс тамақтану денсаулықты сақтауға, организмнің қалыпты өсуі мен дамуына, жұмыс қабілетінің жоғарылауына және организмнің қоршаған ортаның әртүрлі жағымсыз әсеріне қарсылығын күшейтуге ықпалын тигізеді.

«Ас- адамның арқауы»

 

«Ұрпақ денсаулығы – ұлттың саулығы»,- демекші, қазіргі таңда дұрыс тамақтану мен салауатты өмір салтын ұстану біз үшін және артымыздан еріп келе жатқан ұл-қыздарымыз үшін болашағына нық қадам жасау үшін пайдасы мол.

 Осыған сәйкес мектебіміздің асханасы таңертеңгі 8.00-17.00-ге дейін жұмыс жасайды. 

«Ұрпақ денсаулығы – ұлттың саулығы»

 

Орындаған: әлеуметтік педагог – С.М.Қуантаева