Жеңілдік категориясындағы оқушыларды жаңа жылдық шыршаға қатыстыру туралы

Жаңа жыл – әлемдегі қуанышқа толы ең ғажайып мерекелердің бірі екендігі сөзсіз. Жаңа жыл сиқырлы, әрі қайталанбас таңғажайып сәттерге толы. Барлық жандар бұл мерекеде, бұл жаңа жылда бақыт пен шаттық күтеді. Ал, бұл мерекені жаны сүймейтін бала жоқ шығар, сірә. Әр жыл сайын жаңа жылдық шырша, түрлі-түрлі сыйлықтарды тағатсыздана қуана күтеді.

«Оқушалар сарайында»

Осы мерекеге орай, біздің қаламызда да түрлі мерекелік іс-шаралар өткен болатын. Бұл мерекелік іс-шараларға біздің мектептің де оқушылары қалыс қалмады. Бұл шыршалар Президент атынан өткізілетін шырша, Облыс әкімі атынан өткізілген шырша, Ақтөбе қаласы әкімі М.Абдуллин атынан өткізілген шырша, Алматы ауданы әкімі атынан өткізілген шырша, АГДС ұйымдастарған шыршаларға белсене қатысты. Бұл жаңа жылдық қойылымдар қаламыздың ең беделді және керемет ғимараттарда аталып өтті.          Олар: «Шығармашылық академиясы», «Құрайлы» мәдениет үйі, «Оқушалар сарайы», «Шығармашылық жасөспірімдер мен балалар орталығы», «Жекпе жек сарайы».

«Оқушалар сарайында»

Мектептің жеңілдетілген категориясындағы оқушылар әр жаңа жылдық шыршаға ерекше костюмдерімен қатысып, сыйлықтарды иеленді.

«Жекпе жек сарайында»

Балаларға жаңа жылдық шырша өте қатты ұнады, олардың қуаныштарында шек болмады.

«Шығармашылық жасөспірімдер мен балалар орталығында»

Орындаған: С.М.Қуантаева