Шымшық пен көртышқан

13.01.2020ж. күні Ғ.Ақтаев атындағы № 6 орта мектептің 2 “в” класында Әдебиеттік оқу пәніне “Шымшық пен көртышқан” тақырыбында Бағыланова Асылай Бағыланқызы Lesson Study зерттеу сабағын өткізді.

Шығарманың мазмұнына сәйкес  диалог құрып, кейіпкерлердің сыртқы келбетін сипаттау, мінез-құлқы мен іс- әрекетін бағалау оқу мақсаттарын жүзеге асыруда білім алушылар “Диалог құрастыру” ,”Санамақ құрастыру”, “Сәйкестендіру” және “Сөзжұмбақ құрастыру” шығармашылық тапсырмаларын орындай отырып, жеке жұптық және топтық жұмыстар орындады. Мұғалім шәкірттерінің қызығушылығын  тудырумен қатар, сабақта белгіленген оқу мақсаттарын жүзеге асырады.

Зерттеу сабағына директордың ғылыми- әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары Муханбедиярова Дина Базарбаевна бастаған бір топ шығармашыл ұстаздар мен жас мамандар қатынасты.