Ата-аналарға арналған жадынама.

  1. Балаңызбен көшеде серуендеп жүргенде қауіпті жерлерді және көліктің астына түсіп қалмайтын жағдайларды түсіндіріңіз.
  2. Балаңызды алдайтын қылмыскерлерге жақындамаудың ережелерін түсіндіру – жамандықтан сақтайтын тиімді жолдардың бірі екені дәлелденген. «Бөгде адамдармен сөйлеспе, одан адамдар көп шоғырланған жерге қарай кетіп қал!»
  3. Қауіп тудыратын жерлермен жүрмеу. Ондай жерлер: адам аяқ баспайтын жер, жолдың қасындағы орманды алқап, қараусыз қалған үйлер, үйдің төбелері мен бос жертөлелер болуы мүмкін. Сонымен қатар үйдің подъездері де қауіпті болуы мүмкін.
  4. Балаларға қастандық жасайтын адамдардың басқа адамдардан ешқандай айырмашылығы жоқ. Керісінше олар өздерін жұмсақ сөйлеп және сыпайы ұстайды. Осындай жағдайда балалар ашық – жарқын сәлемдесуге назар аударып, сенгіштік танытып байқаусызда құрбан болады.
  5. Балаларды қауіпсіздік тәртібіне үйрету – өмірдің дұрыс жолына үйретумен тең  болады.
  6. Балалардың қауіпсіздігін сақтау туралы әдебиетті оқыңыз. Қауіпсіздікті сақтауды кәсіби деңгейде атқаратын мамандар: психологтар, мұғалімдер, ішкі істер қызметкерлерінің кеңестеріне назар аударыңыз.
  7. Балаңыздың жас ерекшелігі және қауіпсіздігін ескеріңіз. Балалар өзінің аты-жөнін, мекенжайын, телефонын білуге міндетті.
  8. Балаңыз сізге барынша сенім артатындай жағдайға қол жеткізіңіз. Егер балаңыз қиын жағдайда дұрыс әрекет жасағаны мәлім болса, міндетті түрде мақтау айтыңыз. Егер қисық әрекет жасаса, ұрыспай, айқайламай одан туындайтын жағдайларды ақылмен әңгімелеген жөн.
  9. Балаңызбен  ылғи қарым-қатынаста болған жағдайда ғана сіздің оған қаншалықты қамқор бола алатыныңызды түсіне білесіз және қаншалықты сенім артуға және бостандық беруге (үйде жалғыз қалдыру, дүкенге жіберу, досына баруға рұқсат ету)  болатындығын білесіз.
  10. Егер бала өз ата-анасымен қарым-қатынаста болмаса, ол өзін түсінетін адамды іздейді және басқа адамдардан жылылық пен түсінушілікті табуы мүмкін. Осындай жағдайды қылмыскерлер ұтымды пайдаланады.
  11. Балаңызды қорқытпаңыз! Балаңыз қиын жағдайда өзі ешнәрсе жасай алмай қалуы мүмкін.
  12. Балаңызға өз-өзіне сенімді болуға, барлық мүмкіндігін пайдалана алуға және барлық қауіпсіздік ережелерін сақтауға үйретіңіз. Сонда қиын жағдайларға кездеспейтінін түсіндіріңіз.
  13. Балаңызбен жүйелі түрде дайындық жасаңыз. Әрбір дағды күнделікті дайындықтан соң қалыптасады. Сіздің айтқаныңызда балаңыз қаншалықты қабылдағанын біліп отырыңыз.
  14. Үйретудің әр түрлі әдістерін қолданыңыз: қуыршақпен ойнау, қиын жағдайды қойылым арқылы,  қауіпсіздік ережелерін дұрыс сақтаған балалар туралы әңгіме айту. « Сен қандай әрекет жасар едің…» деген жағдайдан шығу жолдарын қарастыру.
  15. Өз балаңызға үлгі болыңыз. Егер сіз есік ашпас бұрын есіктің көзіне қарамасаңыз, балаңыз оны жасамайды, себебі дағдыланбаған.

16. Басқа балалармен қарым-қатынасын тексеріп отырыңыз. Егер сіз қиын жағдайға кездескен баланы көрсеңіз көмектесіңіз, өтіп кетпеңіз. Егер шамаңыз жететіндей жағдайда болса әрекет жасаңыз. Егер шамаңыз келмесе, оның түрін, машина нөмірін, бағытын 102 телефонына хабарлаңыз. Бүгін сіз басқа балаға көмектессеңіз, ертең сіздің балаңызға басқа біреу көмектеседі.