Жадынама
Баласының сеніміне кіру үшін ата-анаға қажетті кеңестер.
Құрметті ата – ана!
Қазақ халқы дүниеге жаңа келген баланы періштеге теңеген. Ал сол баланың қандай болып ер жетуіне ең алдымен ата-ана тәрбиесінің ықпалы күшті екені жасырын емес. Ата-ана тәрбиесінің өз жемісін беруі, баланың тәрбиелі болып ер жетуі көп жағдайда бала мен ата-ана арасында өзара сенімнің болуына байланысты.
Сондықтан төменде берілген кеңестерге назар салыңыз!
-Балаңызға қандай жағдайда болса да көмек сұрап келген кезде көмектесуге әзір болыңыз;
-Мектепте күнделікті болып жатқан оқиғалар туралы балаңыздан сұрап біліп отырыңыз;
-Балаңыздың бойындағы, көңіл – күйіндегі өзгерістерді үнемі бақылап жүріңіз;
-Әр түрлі шешімі қиын мәселелерге байланысты пайдалы ақыл кеңестер беруге тырысыңыз;
-Балаңыздың жас ерекшеліктерін ескеріңіз, балаңызға кеңес бермес бұрын мектеп психологынан немесе класс жетекшісінен кеңес алып, тығыз байланыста болыңыз;
-Балаңыздың достарының қандай екенін ертерек анықтаңыз;
-Балаңызды мектепте және мектептен тыс уақыттағы тәрбиесін үнемі қадағалап отырыңыз;
-Балаңыздың болашағына – отбасындағы тәрбиенің елеулі әсер тигізетінін ұмытпаңыз;
-Балаңызға берген уәдеңізді әрқашанда орындаңыз.