14.01.2020ж.
Ақтөбе қаласы, Ғ.Ақтаев атындағы №6 орта мектептің 2 “в” сыныбында орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Алданазарова Алтынай Насырадиновна “Зимние забавы” тақырыбында Lesson Study тізбектелген зерттеу сабақтарының №1 сабағын өткізді.
Оқушылар үш топқабөлініп, бағалау критериилері мен дескрипторларға сәйкес жеке және топтық тапсырмалар орындады.
Мұғалім білім алушылардың А,В және С деңгейлерін ерекше назарға ала отырып, тиімді әдіс -тәсілдерді қолданды, олардың белсенділіктерін арттырып, пәнге қызықтыра білді.
Мектеп тренерлері Муханбедиярова Дина Базарбаевна мен Кушекбаева Фарида Абсатовнаның ұйымдастыруымен бір топ ұстаздар тәжірибе бөлісті. Стандартта белгіленген оқу мақсаттары орындалды.