Оқушылардың бос уақыттарын мазмұнды әрі тиімді ұйымдастыруда, олардың ой- өрісі мен дарынын дамытуда үйірме жұмыстарын ұйымдастырудың мәні зор.

Оқушылардың бос уақыттарын мазмұнды әрі тиімді ұйымдастыруда, олардың ой- өрісі мен дарынын дамытуда үйірме жұмыстарын ұйымдастырудың мәні зор. Үйірмелер оқушының тек ой-өрісі мен дарынын дамытып қана қоймай, олардың қоғамдық белсенділігін, өмірге бейімділігін арттырады.
Оқушылардың танымдық және шығармашылық мүмкіндіктерін дамытуға септігін тигізетін, ақыл – ой және рухани – адамгершілік тәрбиесінің сапалық қасиеттерін дамытуда өзіндік рөлі бар үйірме жұмыстарын оқу – тәрбие үрдісінде өз мәнін жоймай келеді. Уақыт талабына сай, ғылым мен техниканың қарыштап дамыған кезеңінде үйірмелердің мазмұны жаңартылып, жаңаша сипат алып, бағдарламалары жеке тұлғаны жан – жақты тәрбиелеу мақсатына лайықты етіп дайындалуда және жүзеге асырылуда.
Осындай мақсаттарды жүзеге асыру барысында мектептегі оқушылардың қабілеттері мен дарынын, жас ерекшелігі мен қызығушылықтарын ескере келіп, мектебіміздегі оқу – тәрбие үрдісінде қалыптасқан дәстүр бойынша оқушылардың 100 % мектепшілік және мектептен тыс үйірмелерге қамтылған.

Мектеп оқушыларының мектепте және мектептен тыс мекемелерге спорттық секцияларға және үйірмелерге қатысуы.
Дене тәрбиесі пәні мұғалімдерінің күнделікті сабақта және кластан тыс шараларда қолданып жүрген түрлі технологиялары, жұмыстың әдіс-тәсілдері оқушылар денсаулығын және олардың жалпы дамуын нығайтуда айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді.