Ғ.Ақтаев атындағы № 6 орта мектебінде «9 мамыр –Жеңіс күні» мерекесіне орай кестеде көрсетілген бізге қатысты ардагерлерге көңіл бөлу мақсатында жүргізілген жұмыстары бойынша мәлімет

Ғ.Ақтаев атындағы  № 6 орта мектебінде «9 мамыр –Жеңіс күні» мерекесіне орай кестеде көрсетілген бізге қатысты ардагерлерге көңіл бөлу мақсатында көптеген жұмыстар ұйымдастырылды.

Ардагерлерге көңіл бөлу мақсатында 05.05.2019ж. күні мектептің мәжіліс залында Ұлы Жеңіс күніне орай «Қаһарман ұлт-нация героев»  атты салтанатты жиын өтіп, «Вокал» және «Өнер» үйірмелерінің талантты өнерпаздарының қатысуымен «Бабаларға тағзым» атты мерекелік концертпен жалғасты.

Осы шараға мектепке бекіткен Жумабаев Идельбай Исенович қызымен бірге, Избасарова Даметай (келіні Әлия), Қожақов Құттымұрат Майдремович, Лаврушко Александра Дмитриевна, Сағнаев Кенес (келе алмады), Юсупов Абдрахим Абдрахманович арнайы шақырылып, мерекелік концертті тамашалады. Концерт соңында мектеп әкімшілігі сый-сыяпат жасап, (Сағнаев Кенес ағайға сый-сыяпаты үйіне апарылды), фотосуретке түсті.

 

Мектебіміздің еріктілер клубының  оқушылары қайырымдылық акция жүргізді. Сол акцияның аясында  Нариман көшесі, №13 үйде тұратын тыл ардагері  Қожақов Құттымұрат Майдремович пен Гарнизон көшесі, № 58 үйінің тұрғыны тыл ардагері Лаврушко Александра Дмитриевнаның үй төбесінен қарды түсіріп,  ауласынан қар шығарып, үй шаруасына көмек берді.  Осы адамдардың сауабына қалып, батасын алды. Еріктілер клубының жетекшісі М.Амангелдин.
Ешқашанда жауынгер ерлігі мен жеңісті еңбегімен соққан еңбекшінің ерен ерліктері ұмытылмайды. Бүгінде біздің азаматтық міндетіміз – болашақ ұрпақты Отанын сүюге, елінің, жерінің адал патриоттары, достық пен бірлік туралы түсінік беру арқылы отансүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында мұндай келелі істер күн тәртібінен түсірілмей, алдағы уақытта да жүйелі жалғасын таба береді.