Қолхат смартфон

 Құрметті  оқушы!

Ақтөбе облысы прокуратурасы № 2 – 03070-16-13551  27.10.2016ж.,

Ақтөбе облысының білім басқармасының 2016 жылғы 4 қарашадағы    № 2-5880 хаты және Ақтөбе облысының прокуроры Г.Абдировтың 22.02.2017 жылғы № 2-030115-17-03987 хаты және Ақтөбе қаласы әкімдігінің 18.09.2017ж.№5002 қаулысымен бекітілген «Ақтөбе қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекмесінің «Ғ.Ақтаев атындағы  № 6  орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ЖАРҒЫСЫ негізінде құрылған мемлекеттік мекеменің ішкі тәртіп ережелері,

«Оқушылар ережелері» және «Ата –аналар үшін ережелері» және «Ішкі тәртіп ережелерін сақтау, мектеп ғимаратында ұялы (смартфон) пайдаланбау туралы»  02.09.2019ж. № 74.16.3 бұйрығы негізінде

 

1.Мектепке сабақ басталмастан 15-20 минут бұрын мектеп бұйрығына сәйкес таза және ұқыпты мектеп формасымен келу міндетті. Киім ілінетін бөлмеде сыртқы киімін шешіп, екінші ауыстыратын аяқ-киімін киеді.

2.Мектеп формасына діни элементтерді қосуға қатаң тыйым салынады. Хиджаб, боно, орамал, паранджа, бурку, никаб, тюрбан т.б. киімдерді киюге, ер балаларға шалбар тобықтан жоғары болмауы, яғни қатаң түрде тыйым салынады. Ашық далапты қолдануға және дене мүшесіне сурет салуға болмайды. Пирсинг жасауға, шашты, кірпік, тырнақ бояуға,  сырға, сақина киюге тыйым салынады.

3.Сабақтан тыс уақытта заңды өкілсіз кешкі сағат 20.00-ден кейін көшеде жүруіне рұқсат етілмейді.

4.Мектепке, мектеп территориясына және мектептен тыс уақытта  алып кіруге және қолдануға тыйым салынған заттарды әкелуге тыйым салынады.

  1. Сабақ жіберген жағдайда сынып жетекшісіне сырқаттануы туралы дәрігерден анықтама немесе сабақ жібергенінің себебі туралы директордың рұқсаты бар ата-анасының қолхатын беруі тиіс. Сабақты себепсіз қалдыруға және сабаққа кешігуге рұқсат етілмейді.

6.Мектепке ұялы телефон (смартфон) әкелуге тыйым салынады. Оқушының денсаулығына зиян келтіретіндігін, сабақ уақытында  телефон құрылғыларымен пайдалануға рұқсат етілмейтіндігін және мектепке ұялы телефон (смартфон) жоғалған уақытта мектеп әкімшілігі жауап бермейтіндігін ескертеміз. Сабақтан тыс уақытта ата-анамен хабарласу үшін қарапайым үлгідегі телефон қолданасыз.

7.Мектепішілік іс-шаралар өту барысында немесе мектеп территориясында орналасқан кезде өзінің және айналасындағы адамдардың өміріне, не денсаулығына қауіпті  істер жасауға құқығы жоқ.

8.Қарым-қатынастарын анықтау мақсатында күш көрсету немесе қиянаттық жасауға құқығы жоқ.

Бос уақытынды мазмұнды ұйымдастыруға, дене және интеллектуалды, әдептілік ұстанымдарын дамыту мақсатында өмірі мен оқуларына қолайлы жағдай жаса!!!