Қыс Мезгіл

Құрметті  оқушы !!!  Қауіпсіздік ережелерін сақта!

 

  1. Оқушы мектепішілік іс-шаралар өту барысында немесе мектеп территориясында орналасқан кезде өзінің және айналасындағы адамдардың өміріне, не денсаулығына қауіпті істер жасауға құқығы жоқ;

 Бейтаныс адамдарға телефон арқылы мәлімет бермеу. Бейтаныс адамдарға жақындамау, не деп айтса да олармен сөйлеспеу.

2.Қарым-қатынастарын анықтау мақсатында күш көрсету немесе қиянаттық жасауға құқығы жоқ;

3.Оқушы,  бос уақытынды  мазмұнды ұйымдастыруға, дене және интеллектуалды, әдептілік ұстанымдарын дамыту мақсатында өмірі мен оқуларына қолайлы жағдай жаса!

4.Метеорологиялық мәліметті тыңдап немесе қоршаған ортаны байқап ауа-райының өзгеруіне мән беріңіз;

1-4-кластар – ауа-райы – 25 градус, желдің жылдамдығы 2м/сек. болған күні оқымайды,

1-9-кластар –ауа-райы  -27 градус, желдің жылдамдығы 2м/сек. болған күні оқымайды,

1-11-кластар – ауа-райы  -30 градус, желдің жылдамдығы 2м/сек. болған күні оқымайды және міндетті түрде класс жетекшіге хабарласуыңызды ұмытпаңыздар!

5.Көктайғақ кезінде зардап шеккіңіз келмесе, келесі ережелерді орындаңыз:

Аяқ астына қараңыз, қауіпті жерлермен жүрмеңіз.

Егер мұзды жерді айналып өту мүмкін болмаса, мұз үстімен шаңғышы сияқты қысқа адымдармен жүріңіз:

Жолдың келесі бетке өтетін жерлерде абай болыңыз, асықпаңыз, жүгірмеңіз; 
Аяғыңызды тізеден бос ұстап, табаңыңызды нық төсеп жүріңіз; 
Қолды қалтаға салып жүру құлау қаупін ұлғайтады. 
Егер тайып кетсеңіз ауыр жарақат алмас үшін, жүрелеп отыра қалуға тырысыңыз. 
Құлаған кезде қатты соққы алмас үшін бүктетіліп, аунап түсуге тырысыңыз. 
Құлаған соң орныңыздан бірден көтерілмей, жарақат алмағаныңызға көз жеткізіп, жаныңыздағылардан көмек сұраңыз. Жарақат алған кезде міндетті түрде жедел жәрдем қызметіне хабарласу қажет.  

6.Тыйым салынған жерлерден, су қоймаларындағы мұздан өтеуге болмайды.
Мұзды аяғыңызбен жармаңыз.
Мұздағы тесіктерге, жарықтарға, ойықтарға жақын келмеңіз.
Шанамен, шаңғымен тік жар жағадан жұқа мұзға қарай сырғанамаңыз..

7.Үсіту кезінде (шаншып ауыру, жансыздану) үсіген дене мүшесін ақырын қолмен немесе жүн шарфпен ысқылаңыз. Қолғапты немесе аяқ-киімді шешіңіз, қолды ұрлеп немесе ұқалап жылытыңыз ал аяқ түйдектерін жоғарыдан төменге ысқылаңыз.                                           

Есте сақтаңыз: үсіген теріні сақтау үшін тек тез арада жақын орналасқан ауруханаға хабарласыңыз!