22 сәуір Ғ.Ақтаевтың туған күніне арналған «Үлгі тұтар ұлы тұлға» тақырыбындағы онкүндік жабылуына арналған салтанатты жиын.

Ғұбайдолла Ақтаев –  1936  жылдан  бастап  № 6 орта мектепте  математикадан  дәріс  берген ардақты ұстаз, мектеп үшін атқарған еңбегі  ерен ерекше тұлға. Ұлы ұстаз өзінің   бүкіл саналы ғұмырын білім беруге арнаса, соның 37 жылы осы киелі қара шаңырақпен  байланысты. Ғұбайдолла Ақтаев  – Қазақ ССР – інің еңбек сіңірген мектеп мұғалімі, Қазақ ССР  Жоғарғы Советі Президиумы Құрмет Грамотасының иегері,  «Еңбек», «Қызыл Ту», «Құрмет белгісі», екі рет «Қызыл Жұлдыз», І және ІІ дәрежелі Отан соғысы ордендері, т.б.көптеген медальдармен марапатталған.  1995 жылы 23 қарашада  Ақтөбе қалалық маслихатының 8-сессиясының №82 шешімімен №6 орта мектебіне  «Ғұбайдолла Ақтаев»  есімі  берілді.

Ұлы ұстазға  арнау!

Көсегеміз көгереді аты кең –

Жазып кеткен жақсылардың хатымен.

Мектебіміз ұлы ұстаз – капитан

Ақтаевтың  аталады  атымен.

 

Бастаушысы болған оңды қадамның,

Туған  күні  бүгін  асыл адамның.

Жақсы  ісіңді жалғастырып келеміз,

Алғыс  айтып,  бас иеміз саған біз.

 

Ата-баба сара жолын сақтайық,

Үлкен  жүрек даналарды  мақтайық!

ХХІ-дің  бәйгесінен  қалыспай,

Білім  туын  желбіретсін  Ақтаев!