Тәрбие жұмысы

Жасөспірімдердің арасындағы құқық бұзушылықтың және қылмыстың алдын алу мақсатында Ақтөбе қаласы IIБ Алматы ауданы №3 ҚПБ ұйымдастыруымен өткен іс-шараға мектеп оқушылар қатысты.

“ Снюс” темекі шегуге арналмаған немесе темекісіз өнімдерді әкелуге, өндіруге, сатуға және таратуға тыйым салу туралы Ақтөбе қаласының #2 қалалық емханасы Салауатты өмір салтын қалыптастыру дәрігері Желдірова А.Я.8-11 класс ұл балаларына түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

2020жылдың маңызды іс-шаралар жоспарына сәйкес Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1150 жылдығына орай – “Әлемнің екінші ұстазы” атанған ғұламаға арнап, 8-9 кластар арасында тарихи танымдық кеш өтті

Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін айқындау мақсатында ұйымдастырылған қалалық “Бозбала мен бойжеткен” жұптар сайысында 9 “Г” класс оқушылары Зинидина Назым мен Үсербаев Асланбек “Тапқыр жұп” номинациясын иеленді. Қолдау көрсеткен оқушыларға алғыс білдіреміз.

Ақтөбе қаласының жалпы орта білім беретін мектептердің 7-8 класс оқушылары арасында волейболдан “Шұбар доп” мектеп лигасында жалпы командалық есепте мектебіміздің ер балалары 2 орынды иеленіп, мақтау қағазымен және медальдармен марапатталды.

2020 жылдың Қазақстан Республикасы бойынша өтетін маңызды іс-шаралардың жоспарына сәйкес Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арнап “Абай-дана, Абай –дара”атты әдеби-сазды кеші өтті. Аталмыш кешке 5-7 класс оқушылары қатысып, белсенділік танытты.