Педагог-зерттеуші

Ғ.Ақтаев атындағы № 6 орта мектептің 9 “ә” сыныбында “педагог-зерттеуші” ұстаз Жолманова Айымгул Қылышбайқызы қазақ әдебиеті пәнінен “Құлагер -еркіндікке ұмтылған қазақ елінің символы” тақырыбында тізбектелген Lesson study –зерттеу сабақтарының №1 сабағын өткізді.

Әдеби шығарманы қазақ әдебиеті үлгілерімен салыстыра талдап, шағын сын мақала жазу мақсатына “Болжау”, “Салыстырмалы карта”, “Таңдау қадамы”, “Ашық микрафон”, “Бір ауыз сөз” стратегиялары мен әдістері арқылы ұйымдастырылған жеке, жұптық жұмыстар нәтижесінде қол жеткізді.

Тәжірибе алмасып, А,В және С тобындағы оқушылардың іс -әрекеттерін, сабақ үстіндегі белсенділіктерін бақылауға мектеп тренерлері Муханбедиярова Дина Базарбаевна мен Кушекбаева Фарида Абсатовнаның зерттеу тобы мшелері мен тәжірибелі ұстаздар қатынасты.