«Мен өмірімді жақсы көремін»

Күзгі каникул уақытында 7-11 класс оқушыларына бос уақытын тиімді өткізу мақсатында «Мен өмірімді жақсы көремін» тренинг сабағы өтті.  Мақсаты : Адам бойындағы жақсы қасиеттерді көру, адами құндылықтарын бағалау. оларды адамгершілікке, мейірімділікке тәрбиелеу өз-өзіне сенімділігін арттыру. Жасөспірімдер арасындағы мазасыздық деңгейлерін азайту, мақсатқа ұмтыла білуге үйрету.

         Берілген ситуациялық тапсырмалар арқылы оқушылар тығырықтан шығу жолдарын тауып, бір-бірімен жақсы қарым-қатынасқа түсе білді. Өзінің алдына қойған арман, мақсатын көз алдына елестету арқылы өмірге деген құлшынысын арттыру мақсатында  «Армандар» жаттығуы бойынша қатысушылар шеңбер бойымен отырып, барлығы көзін жұмып, өз тілегіне құлақ түре отырып, келешек өмірін, қоғамдағы орнын, айналасындағы жандарын көз алдына елестетуге тырысты. 1-2 мин. Уақыт берілді. Келешекте өзін көз алдына қалай елестететіні туралы айтып беріп , қағаз бетіне түсіру.

Жүйкелік-психологиялық қысымды жеңілдету тәсілдері:

  • Релаксация
  • Спортпен айналысу
  • Душ қабылдау
  • Ыдыс жуу
  • Кір жуу
  • Саусақпен сурет салу (ұнға, құмға, су бетіне)
  • Газетті умаждап, лақтыру
  • Газетті өте майдалап, лақтырып тастау.
  • Сүйікті әніңді дауыстап айту
  • Қатты айқайлау, сосын жай
  • Музыкамен билеу (жаймен, сосын тез)
  • Жанып тұрған шыраққа қарап отыру
  • Он рет терең дем алу
  • Шарбаққа серуенге шығу, айқайлау
  • Тісті тілмен ішінен санау.