Оқушыларға күзгі каникул уақытында жүргізілген «Менің қызығушылықтарым» , «Менің құндылықтарым» психологиялық жеке және топтық жұмыстар анықтамасы.

Күзгі каникул уақытында оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында мектеп психологтары  толық емес отбасы оқушыларымен, жаңадан келген оқушылармен, есепте тұрған оқушылармен және сұраныстағы оқушылармен жеке және топтық түзету-дамыту жұмыстары  арт-терапия элементтерімен  жүргізілді.  Арт-терапия сабақтары балаларға психологиялық көмек көрсетудің ең қызықты, тиімді және үнемді әдісі болып табылады. Ол шығармашылық және ойын ойнауға негізделген. Мысалы Мандала әдісін бояу арқылы  шеңбердегі суреттердің көмегімен жан мен ақыл-ойды тыныштандыруға үйренеді. Арт-терапевтік  психиканың энергиясын травматикалық фактордан қолайлы шығармашылыққа дейін қайта бағыттаудан тұрады. Басқаша айтқанда, егер оқушы  алаңдаушылық тәжірибе жинаған болса, ол шығармашылық әрекеттер арқылы оларды түсіндіруге тырысады және жеңілдік сезінеді.