Жаңартылған бағдарлама бойынша бастауыш сынып пәндерін оқытуда білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыру жолдары

Ғ.Ақтаев атындағы № 6 орта мектепте қала мектептерінің бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған “Жаңартылған бағдарлама бойынша бастауыш сынып пәндерін оқытуда білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыру жолдары” тақырыбында қалалық семинар ұйымдастырылды. Семинарға қала мектептерінен 53 ұстаз қатысты.

  Мектеп тренерлері, директордың оқу – тәрбие жұмысының орынбасарлары Муханбедиярова Дина Базарбаевна мен Кушекбаева Фарида Абсатовна өткізген Абай “Қайрат.Ақыл.Жүрек”, Шульман: “Бас.Қол.Жүрек” тренингінен шабыттанып, жігерленген қонақтар Бейсенова Анардың 2- кластағы математика пәнінен “5 санын көбейту және бөлу кестесін құрастыру”, Досыбекова Құттықыздың 3- кластағы “ Ғарыш қалай игеріледі” тақырыптарындағы панорамалық сабақтар серияларына қатынасты. “Шығармашылық ізденіске жетелейді” практикалық сабақтар сериялары бойынша Қоянбаева Гүлдананың 2 “Д” сыныбындағы жаратылыстану пәнінен “Уақытты қалай өлшейміз”, Кубенова Бақытгүлдің 3 “Г” сыныбындағы әдебиеттік оқу пәнінен “ Өнер- білім бар жұртта”, жантурина Гүлшаттың 4 “Б” сыныбындағы жаратылыстану пәнінен “Электр тогын қандай денелер өткізеді” тақырыбындағы сабақтармен бөлісті.

  Одан әрі ““Lesson study” тәсілі – біздің тәжірибемізде” бөлімінде әдебиеттік оқу пәнінен Бағыланова Асылайдың 2 “В” сыныбындағы “Ұр тоқпақ!” тақырыбындағы зерттеу сабағынан тәжірибе алмасты.

  Мектеп психологтары Абишева Гүлдана мен Сағынбаева Құндыз кері байланыс жасады. Мектебізде өткізілген бүгінгі семинарды “өте жақсы” деп бағалаған қатысушы ұстаздар қалалақ білім бөлімі мен әкімшілігі тарапынан “Алғыс хатпен” марапатталған әріптестеріне алғыстарын жаудырып, ризашылықпен тарасты.