Ұрпаққа үлгі болған ерлік

 Кеңес әскерінің Ауғанстан жерінен шыққанына 31 жыл толуына байланысты мектебімізде “Ұрпаққа үлгі болған ерлік”тақырыбында Ауған соғысының ардагері, Северный Кундуз, саперный батальон, командир БМР Кужаниязов Тажимурат Журсуновичпен кездесу кеші өтті. Екш барысында ардагер өзінің басынан кешкен оқиғаларын айтты. Оқушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, пікірлерін ортаға салды. Мектеп директоры Жанғалиева Шолпан Серікбайқызы кездесудің өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие беруде үлесі мол екендігін атап өтті. Кеш біткен соң қонағымыз мектепті оқушылармен бірге аралып, балалық шағын еске алды.