Абай Құнанбайұлы

Мектебімізде  2020 жылдың 19 ақпан -26 ақпан аралығында Қазақ халқының ұлы ақыны, ағартушы Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған онкүндік іс-шарасы өтті. 19 ақпан күні онкүндіктің ашылу салтанаты болды. Салтанат барысында мектеп директоры Жанғалиева Шолпан Серікбайқызы сөз бастап, “Абай” төсбелгісімен марапатталды және де оқушылар ұлы ақынның  өлең шумақтарын, әндерін әр үзіліс сайын айтып отырды. Апта бойына оқушылар Абай өлеңдерінен алған әсерлерін суреттер арқылы бейнелеп, Абай шығармашылығына арнап ребустар құрастырды. Әрі қарай онкүндік мәнерлеп оқу сайысы, эссе байқауымен жалғасын тапты. Апталыққа тек оқушылар ғана емес, сонымен қатар мектеп әкімшілігі Абайдың қара сөздерін айтып, жас мамандар Абай әндерін айтып көпшілікті сүйсінтті және де іс-шараға ата-аналар да белсенділіктерін танытып, Абайдың шығармашылығын талдады. Онкүндікке белсене қатысып, үлесін қосқан оқушыларға, ұстаздарға, ата-аналарға шексіз алғысымызды білдіреміз!!!