Ең үздік класс жетекші-2020

Мектебімізде жоспарға сәйкес “Ең үздік класс жетекші-2020” байқауы өтті. Байқауға 8 класс жетекші қатысты. Байқаудың өту тәртібі 3 бөлімнен тұрды: “Мен және менің сыныбым”, бейнеролик,  Өнер көрсету және Ықшам сабақ. Класс жетекшілер байқау барысында өздерінің жаңашылдығымен, педагогикалық шеберліктерімен, креативтілігімен және ой ұшқырлықтарымен көзге түсті.

Байқау қорытындысы бойынша:

Бас жүлде: Талипова Жадыра 1 “Д” класс жетекшісі

1орын: Қуантаева Сания Мырзағалиқызы 5 “А” класс жетекшісі

2орын: Жанай Гауһар Талғатқызы 7 “Ә” класс жетекшісі

3орын:Шуақбайқызы Гүлнұр Даярлық тобының тәрбиешісі иеленді. Сарсембаева Ақмарал Жетесқызы 6 “В” класс жетекшісі, Досыбекова Құттықыз Асқарбекқызы 3 “В” класс жетекшісі, Бейсенова Перизат Илесбаевна 2 “Б” класс жетекшісі, Жанғазы Арайлым Серікқызы 5 “Ә”класс жетекшілері алғыс хат, мадақтама және сыйлықтармен марапатталды. Жарайсыздар! Сіздерге шығармашылық табыстар тілейміз.