Міне, көптен күткен уақытта келді. Осы білім ордасында қайталанбас 9 жыл бойы оқыған оқушыларым да өз өмірлеріндегі басты оқиғаларының куәгері атанды.

Міне, көптен күткен уақытта келді. Осы білім ордасында қайталанбас 9 жыл бойы оқыған оқушыларым да өз өмірлеріндегі басты оқиғаларының куәгері атанды.
Бұл тамаша сыныптың класс жетекшісі атанған кезде үлкен жауапкершілікті сезіндім, алайда мені алда не күтіп тұрғаның мүлдем елестете алмадым. 9 «Г» классының әр оқушысы мен үшін ерекше, әр қайсысында ешкімде жоқ өзіндік адами қасиеті бар. 23 оқушы бірге өткізген уақыт ішінде айтарлықтай өзгерді, өсті, жеке тұлға ретінде қанат жайып, қалыптасты. Мен оларға өзімнің бар білгенімді, көргенімді үйретуге тырыстым. Ненің жақсы, ненің жаман екенің, кімнің қандай екенің айтып жеткіздім. Менің де олардан үйренген заттарым жеткілікті. Қанша дау-дамай болса да, қанша қиындықты бастан кешірсе де, сол сынып өзінің бастаған ісін соңына дейін жеткізе алды, сыныптағы бірлікті, ынтымақтыстықты жоғалтпады. Бұл нағыз мақтан тұтатын нәрсе деп санаймын.
Құрметті оқушыларым! Осыдан кейін әркімнің жолы әр түрлі бағытқа тарайды. Сендер жаңа ортамен танысатын боласыздар. Әрине, басында түрлі кедергілермен кездесесіздер. Дегенмен, мен сендердің оларға төтеп бере алатындарыңызға 100% кепілдік бере аламын.

Алдағы өмір жолдарыныңызға сәттілік!
Сіздерге әр уақытта қолдау көрсетуге дайын тұратын сынып жетекшілеріңіз Ақторғын Ғалиқызы.