Абай күні

“Абай күні” мерекесіне орай кітапханамызда “Ұлылардан ұлағат” айдары жұмысын бастады. Осы айдар негізінде Ұлы ақын, ойшыл Абай Құнанбайұлының даналық, ұлағатты сөздерін назарларыңызға ұсынамыз

10 тамыз – Абай күні.
Қазақ халқының қайталанбас бір туар тұлғасы Абай Құнанбайұлының туғанына 175жыл. Осыған орай Қазақстан Республика сы Үкіметінің қаулысымен 10 тамыз “Абай күні” болып белгіленді. Бұл мереке елімізде тұңғыш рет тойланбақшы. Абай күнінің мерекелік күндер қатарына енгізілуі – бұл өскелең ұрпақ үшін баға жетпес байлықпен тең. Абай күні – қазақтың ізгілік пен өркениет өріне басқан тағы да бір қайырлы қадамы.