Ақтөбе қаласы “Ғұбайдолла Ақтаев атындағы 6 орта мектеп” педагог-психологы Абишева Гулдана Зиноллақызы ҚР БҒМ

Сәлеметсіздер ме достар, ата-аналар, балалар?!
Ақтөбе қаласы “Ғұбайдолла Ақтаев атындағы 6 орта мектеп” педагог-психологы Абишева Гулдана Зиноллақызы ҚР БҒМ, Балалардың құқығын қорғау комитеті ұсынған “Бала қауіпсіздігі – ата-ана жауапкершілігі” челленджін қабыл алдым. Қауіп қатер жөнінде балалардың естеріне салу ата-аналардың міндеті. Балаларымызға қай уақытта “ЖОҚ” деп айтуға болатындығы жөнінде үйретейік.
1. Бейтаныс адамдарға есік ашпа.
2. Ешқашан, ешқайда, ешбір себепсіз бөтен адаммен барма.
3. Танымайтын адамдармен сөйлеспе, олардан сыйлық алма.
4. Көлікке бөгде адамдармен отырма.
5. Қараңғы түскенде көшеде ойнама.
6. Кіреберіске, лифтке танымайтын адамдармен бірге кірме. Егер, сені қорқытса айғайла, көмекке шақыр.

Балалардың келесі ережелерді сақтауын қадағалаңыз.
– Балаңыздың кімдермен қатынасатынын және таныстарының арасында күмән туғызатын үлкен адамдардың бар-жоқтығын бақылаңыз
– Балаларыңыздың күмәнді әдебиеттер мен бейнеөнімдерді пайдаланбауын қадағалаңыз.
– Балаларыңызбен сенімді достық қарым-қатынас орнатыңыз, жазалаумен балаңызды қорқытпаңыз.
ЕРЕЖЕЛЕРДІ САҚТАУ – ҚАУІПСІЗДІК КЕПІЛІ !
Осы челленджді қала мектептері мен ата-аналарына жолдаймын.