Мектеп директоры

Жанғалиева Шолпан Серікбайқызы

Қабылдау кестесі: 08:00-19:00

Жұмыс телефонының номері: 8-7132- 44-58-51

Жанғалиева Шолпан Серікбайқызы 1968  жылы  1 қаңтарда Ақтөбе облысы Шалқар ауданында туылған.

Білімі жоғары, 1991 жыл Орск Мемлекеттік Педагогикалық Институтын  орыс тілі мен  әдебиеті пәні мұғалімі  мамандығы бойынша және 2004 жылы Батыс Қазақстандағы М.Өтемісұлы атындағы мемлекеттік университетін қазақ тілі мен  әдебиеті пәні мамандығы бойынша бітірген. Біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты  орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі. Педагогикалық  өтілі  26 жыл. Аталған  мектепте 2005 жылдың  тамыз айынан бері  мектеп  директоры  болып жұмыс жасайды.

   Осы уақытқа  дейін  қызмет  жасаған  орындары:

1985 жылы – балабақшада тәрбиешінің көмекшісі.

1986-1991 жж оқуда.

1991-1998 жж Шалқар ауданында орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі.

1998-2005жж Ақтөбе қалалық №38 қазақ орта мектебінде директордың оқу – тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.

2005жылдан бастап Ғ.Ақтаев атындағы №6 орта мектебінде мектеп директоры қызметін атқарады.

Кәсіби  біліктілігін  арттыруы:

2017 ж. Дарынды жастарымен ғылыми-ұйымдастыру жұмыстарын жоғарғы деңгейде жүргізгені үшін ҚР-ның кіші ғылым академиясы Батыс Қазақстан бөлімінің президиумының шешіміне сәйкес «Құрмет грамотасымен» марапатталады;

2016 ж. Астана, «Білімді ел – Мәңгі ел» педагогикалық тамыз кеңесі аясындағы «Үштілділік жағдайындағы концепция өзгеріс және қазіргі білім беру барысы: ізденістер мен даму болашағы» атты республикалық филологиялық метапәндік панорамаға қатысқаны үшін Сертификат;

2017ж. Астана қаласы, Республикалық «Білім айнасы» газетінің редакциясы ұйымдастырған «Педагогтардың шығармашылық дағдыларын дамыту» атты тренингіне қатысып, БАҚ және Әлеуметтік желімен жұмыс тәсілдерін  меңгергені үшін Сертификат; №03765 19.05.2017ж.

2017ж Ақтөбе облыстық жастар мен балалар ұйымдарының Қауымдастығы «Ұстаздар күніне» орай 03 қазан 2017ж «Құрмет грамотасы» марапатталды.

2017ж Қалалық білім беру қызметкерлерінің кәсіподақ комитеті «50жас мерейтойына» байланысты «Құрмет грамотасы».

Алматы-15 мамыр 2010 жыл.  «Мектепті басқарудың үздік үлгісі» атты республикалық байқауда « Нәтижеге бағытталған басқару» номинациясы бойынша Дипломы;

Ақтөбе,2017 ж. Ғ. Ақтаев  атындағы №6 орта мектептің түлегі , «Көлікті пайдалану  және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру» мамандығының III  курс студенті  Кумарова Жансая Куанысбаевна , 2017 жылдың 6- сәуір күні, Алматы шаһарындағы  М. Тынышбаев атындағы Қазақ Көлік және Коммуникациялар Академиясында өткізілген IX  Республикалық пәндік олимпиадада « Жастар, Ғылым және Инновация» атты Халықаралық жастар ғылыми форумында  бірінші орын алып университеттің абыройын арттырған үшін мектеп ұжымына Алғыс хат;

Ақтөбе,2017 ж.   Ақтөбе облысында Қазақстан Республикасының  мемлекеттік жастар саясатын дамуы мен жастар және балалар арасында   құрылған еріктілер қозғалысын дамытуға үлес қосып жүргені үшін Алғыс хат;

Ақтөбе,2017 ж.    Ақтөбе қаласы әкімінің Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күнімен құттықтау Алғыс хаты;

Ақтөбе,2018 – Ақтөбе облысының білім басқармасының Алғыс хаты