Қамқоршылық кеңестің отырысы

«Ғ. Ақтаев атындағы #6 ОМ» КММ  Қамқоршылық кеңестің отырысы өтті.
Күн тәртібінде қаралған мәселелер:

кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу шаралары;
оқушылардың сабақтан тыс бос уақыттарын ұйымдастыру мәселелері;
оқушыларды ыстық тамақпен қамту барысы;
оқушыларды медициналық тексеру қорытындысы;
оқушылардың өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерінің шешілу жайы. Қамқоршылық кеңеске осы мәселелерге байланысты арнайы жауапты мамандары шақырылып, белгілі бір қорытындыға келді.