Қолхат көктем

Құрметті оқушы!!!

Көктемгі демалыс кезінде сақталатын өмір қауіпсіздігі туралы оқушы үшін жадынама.

  1. Көктемгі су таситын мезгіл жақындап келеді. Өзендерде мұздың беті күннің қызуымен, асты еріген сулармен жұқара бастады. Бұл уақытта мұзда жүру өте қауіпті, кез келген мезетте мұз жарылып, су ішінде қалуыңыз әбден мүмкін.
  2. Көктемгі су тасқыны кезінде мұз үстіне шықпаңдар.
  3. Қолдан жасаған салдарда, тақтайларда, бөренелерде және жүзіп жүрген мұздарда жүзбеңдер. Бір мұздан екінші мұзға секірмеңдер.
  4. Жарлы және жайылымды жағада тұрмаңдар — олар опырылып кетуі мүмкін. Көпірден, айлақтан сең жүргенін бақылап тұрсаңдар оның қанаттарымен, қоршауларынан ұстап иілуге болмайды. Егерде сендер өзенде және көлде бақытсыз жағдайдың куәсі болсаңдар, естеріңді шығармаңдар, үйлеріңе қашпаңдар, дауыстап көмекке шақырыңдар, ересектер естіп, қауіпті жағдайдан алып шығуға көмектеседі.
  5. Су тасқыны кезінде кептемелерге, салдарға, бөгеттерге жақындамаңдар, ол жерлерде ойнауға болмайды.
  6. Орларға, су қоймаларына, арналық есіктерге және құдықтарға жақын келмеңдер.
  7. Оқушылар, көктемгі су тасқыны және сең жүру кезінде сақ болыңдар.
  8. Өзен, көлдің жағасына ересектерсіз барма. Жол ережесін сақта. Отпен, электр бұйымдарымен абай бол.
  9. Кешкі сағат 20.00-ден кейін көшеде заңды өкілсіз жүрме. Спирттік ішімдік, темекі тартудан аулақ бол. Бейтаныс адамдарымен сөйлеспеу және телефон арқылы мәлімет берме.  Күдікті пакеттерді, хатты ашпа, олар туралы ересек адамдарға айт. 
  10. Бос уақытынды мазмұнды ұйымдастыр, уақытыңды үнемді пайдалан, салауатты өмір салтын сақтап, жүйелі түрде спортпен айналыс.
  11. Заманауи талапқа сай бол. Мәдениет пен техниканы менгер, ұқыпты бол.
  12. Қоғамдық орындарда, көшеде әдеп сақтау ережелерін сақта.
  13. Достарыңа адал бол, ата-ана, отбасы мүшелеріне құрмет көрсетіп, үй шаруасына көмектес.
  14. Көктемгі демалысты тиімді және мазмұнды ұйымдастыруға, жақсы демалып келуге тілектеспіз!