Психология

Баламен ата-ана арасындағы қарым-қатынас

Бала анасы, әкесі, бауыры мен әпкесі ғана емес, басқа балалармен де физикалық қарым-қатынаста болған жағдайда одан да көп пайда табады. Бұл оның ақылын ынталандырады, бәсекелестік сезімін дамытады, ақкөңілді етіп, бірінші болу қалауы артады.

            Қазіргі таңда адамдар бір-бірімен аз қарым-қатынасқа түсіп, аз сөйлеседі. Және бұл балалардағы интеллектің даму деңгейіне әсер етпей қоймайды. Осыны ескере отырып, кем дегенде өз балаларының  мүддесі үшін,ата- аналар жиі отбасылық мерекелер ұйымдастырса жақсы болар еді.

Әкесі баламен жиі сөйлесуі керек.

Әдетте ересек адам болғанда , біздің балаларымыз әкелерімен өткізген жағымды уақытты мереке ретінде еске алады, өйткені, әдетте, көптеген отбасыларда бұл жиі емес. Баланы тәрбиелеу және дамыту жөніндегі жұмыс анасына толығымен қарайтын, ал әкесі тек анасы сұрағанда ғана араласатын отбасында шынымен жақсы адам тәрбиелеп шығара алмаймыз. Әкелердің жұмыстан кейін уақыттың тапшылығы немесе шаршау себептері мүмкіндігінше балалармен қарым-қатынас жасауына кедергі болмау қажет.

       Күніне бір сағат баламен уақыт өткізу, ойнау таңқаларлық нәтижеге әкеледі.

            Америкада жарық көрген «Баланы тәрбиелеудегі рефволюция» кітабы кедей аудандарда 15 айлық 30 баланы оқыту тәжірибғесін сипаттайды. Күн сайын, ата-ана бір сағат бойы баламен ойнап, онымен сөйлеседі. Осы балалар екі жыл және үш ай болған кезде алынған тест нәтижелері балаларда «интеллектуалдық даму деңгейі» және әсіресе сөйлеуді дамыту деңгейі экпериментке қатыспаған қатарларына қарағанда басымырақ болғаны айқын болды.

Қызығушылық – ең мықты мотивация. Сондықтан, ата-ананың негізгі міндеті, егер олар балаға бір нәрсе үйретуді қаласа, ол қызығушылықтарын ояту. Бұл қызығушылықты тудыру үшін қажетті жағдай жасау маңызды. Мысалы, баланың сурет салуды қалайтыны үшін оған қарындаш пен қағаз жеткілікті болуы керек. Егер жағдай жасалмаса, баланың бір нәрсеге деген ұмтылысын күту қажетсіз.