Құрметті АТА-АНАЛАР!!!

Құрметті АТА-АНАЛАР!!! -сыныпқа құжатты онлайн тапсыру

Мектепке құжат тапсырып жатқандарыңыз бар ма? 1 маусымнан бастап 1 тамызға дейін құжат тапсырылуы тиіс

Нұсқаулық

1. Egov.kz порталына кіруден бастаймыз. Бірреттік құпия сөзбен немесе ЭЦП кілтпен;

2. Азаматтарға бөлімінен «Білім» деп таңдайсыз;

3. Сол жақтағы мәзірден «Орта білім» деп басып;

4. Ашылған қызметтер ішінен «Білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, арнайы)» дегенді таңдайсыз.

5. Аталған қызметке өту парақшасына кіргенде толық түсіндірмелі тізім тұр: Қажетті құжаттар және Қойылатын талаптарды оқып аласыздар. Барлығын осы жерге постқа сыйдыру қиын.

6. Онлайн сұрау батырмасын басасыз;

7. 3 қадамнан тұратын графаларды: Оқу түрін, аймағыңызды, мектепті, білім беру тілін барлығын таңдап толтырасыздар;

8. Файл деген жерге құжаттардың скан версияларын жүктейсіздер: 3×4 фото, денсаулығының жағдайын анықтайтын құжаттар, отбасылық материалдық жағдайға қатысты, әлеуметтік көмек алушы санаттарына жатсаңыздар барлығын белгілеп көрсетесіздер;

9. Сұрауды жіберу деп басып, эцп кілтпен немесе құпия парольмен растайсыздар.

 Қарастырылу мерзімі: 5-күн;
Қызмет құны-тегін.

 Осы ақпаратпен 1-ші сыныпқа баратын балалары бар таныс, туыс, достарыңызбен бөлісіңіздер!