«Өнер әлемі»

Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында мектебіміздің Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен «Өнер әлемі» шеберхана өз жалғасын табуда.
Мектебіміздің шығармашылық, ізденімпаз ата-анасы Кутанова Кенжегул қалдық материалдан немесе пайдаланбай жүрген киімнен қыз балаларға арналған сөмкелерін жасады.Осы эстафетаны Қосанова Аида Талғатқызына жолдайды. Ат салысып, мектебіміздің абыройын асқақтата беріңіздер құрметті ата-аналар!