Адал еңбектің-жарқын бейнесі

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және нығайту ,сондайақ заманауи талаптарда парасатты тұлғаны дамыту мақсатында «Адал еңбектің-жарқын бейнесі» атты жас суретшілер байқауының мектепшілік кезеңі өткізіледі.
Байқаудың мақсаты -көркем өнер саласындағы дарынды балаларды анықтау .
Байқаудың міндеті-эстетикалық тәрбие құралдары арқылы парасаттылық қағидаларын дамыту және балалардың өз қабілеттерін шыңдауға жағдай жасау
1. Байқауға 7,8,9 класс оқушылары қатыса алады.
2. Байқауға қағаз бетінде орындалған А3,А4 форматтағы жұмыстар қабылданады.
Суреттерді кез-келген техникада орындауға болады.
3.Ұсынылатын жұмыстар байқау тақырыбына сәйкес болу қажет.
4. Негізгі идеяның ерекшелігі және оның жұмыс нәтижесінде ашылуы назарға алынады.
5. Байқауға алынатын жұмыстар 2020 жылғы 23 қарашасына дейін қабылданады.
6.Жұмыстарды 87784998731 номеріне жолдану қажет.
7. Қорытындылау кезеңінде үздік деп танылған жеңімпаздар анықталады, байқаудың облыстық кезеңіне жолдама алады. Байқауға белсене қатысуға шақырамыз.!