Бала өміріндегі әкелердің орны

Бала өміріндегі әкелердің орны

Әкелер кеңесінің төрағасы А.Ж.Кумискалиев

Ол — бала тәрбиесі. Бала тәрбиесінде алғашқы ұстаз — ата-ана. Бала үшін үй ішінен, ата-анадан артық тәрбиеші жоқ. Адамгершілік, бауырмалдық, татулық, қайырымдылық, әдептілік, инабаттылық сияқты қасиеттер — жанұяда тәрбие балаға сөзбен, теориямен дамымайды, үлкендердің үлгісімен сіңеді. «Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер» дейді халық даналығы.

Қазіргі таңда өзекті мәселелердің бірі ретінде отбасының құрылымы өзгеріп, оның мүшелерінің саны азайып, әсіресе онда бала саны да кеми түскені анық. Әсіресе, қоғамда болып жатқан әлеуметтік, экономикалық, мәдени және саяси жаңғырулар мен әртүрлі қоғамдық сипаттағы және әлемдік деңгейдегі ақпарат алмасулар отбасы мүшелерінің арасындағы тұлғааралық қарым-қатынас сипатына да өз әсерін тигізіп отырғаны белгілі. Бүгінгі нарық жағдайында ата-аналардың көпшілігінің жұмыс бастылығы бала уақытының көбін енжар тәрбиешілермен өткізуге алып келіп отыр.

Бүгінде заманауи отбасына тән бала тәрбиесі келесі ерекшеліктермен шартталып отыр: отбасында балалардың көбісі күннен санап көбейіп отырған ажырасулардың нәтижесінде әкесіз немесе анасыз өсуде; теледидар, жеке бөлме, т.с.с. өркениеттің жетістіктері, әсіресе талаптардың материалдық құндылықтармен өлшемденуі балалар мен олардың ата-аналарының арасындағы қарым-қатынас процесін қиындата, күрделендіре, тіпті шиеленістіре отырғаны белгілі. 

Қазіргі таңда отбасының шырқы бұзылып, ажырасу салдарынан қоғамда көп  кездесетін бала әкесіз өсіп, анасының тәрбиесінде болуы. Алайда, ер баланың жігіт болып өсуі немесе қызға тән кейбір қасиеттерін бойына жинап өсуі де осыдан. Әкесіз өскен ер азамат анасының құрсағынан балабақшадағы тәрбиеші апайдын қолында 2-3 жыл тәрбие алса, мектептегі ұстаздарынан 12 жыл білім алады. Ал жастайынан әйел азаматтын тәрбиесін алып келе жатқан ер бала ынжық мінезді және психологиялық жағдайын қатты әсер тигізеді. Баланың өмірінде болып жатқан әр түрлі жағдайлардың бәрі баланың ақыл-ой, санасына байланысты. Дегенмен, дұрыс бағытқа бағдарлау көп жағдайда әкеге байланысты. Ары қарай өмір теңізінде кез келген қиындыққа төтеп беру де, суға кету де осы бағыттың нәтижесін бермек.Әке тәрбиесін алған ер бала қажырлық, ерлік мінезді болып өседі, ал әкесін үлгі тұтқан қыз бала өзінің ертенгі өмір серігі болатын жолдасын тандауға септігін тигізеді.

Отбасындағы ата-ана мен баланың қарым-қатынасы мен сезімдер сипатына ешкімнің шүбәсі болмауы тиіс. Отбасылық қарым-қатынаста оның әрбір мүшесінің рөлі ерекше болып табылады. Отбасында ана баланы өмірге әкеледі, оны ақ сүтімен тамақтандырып, әлдилейді және мәпелеп өсіреді. Анадан бала эмоциялық жылық пен махаббат сезімін сезінсе, ал, әке мен бала арасындағы қарым-қатынасқа әртүрлі көзқарастар мен тұжырымдар бар. Бір көзқарастарда балаға әкесі әйелі арқылы байланысады десе, екіншілері әке мен баланың байланысы тек экономикалық және эмоциялық қолдау деп есептесе, үшіншілері әкенің баласына деген ниеті, жасаған жақсылығы- олардың анасын сүюі деген тұжырымдарды ұсынады. Қазіргі таңда әкенің рөлі қалай болса да ананың рөлінен кем болмауы керек. Бұл жағдай тек әр адамның жауапкершілік сезіміне тәуелді болып келеді. Себебі, қазіргі таңдағы жаһандану жағдайында, әсіресе еуропалану уақытында ұлттық құндылықтарымыз арқылы баланы тәрбиелеу басты мәселелердің бірі болып отырғаны белгілі. Отбасылық дағдарыстардың белең алуы көп жағдайда еліктеушілік қасиетімізге байланысты екені ешкімге күмән туғызбас. Сондықтан бала тәрбиесіндегі мәселелер, әсіресе отбасылық өмірге тұлғаның дайындығы ғылыми тұрғыда негізделуі керек. Бұл жағдайлар жоспарланбаған сәбилердің дүниеге келуінен, жас отбасылардың дағдарыс жағдайларының, жауапсыздық сезімдердің алдын алуға мүмкіндік беруі тиіс.

Ғалым-педагогтар мен психологтардың ойынша балаға әке-шешесінің қарым-қатынасы мен олардың берген тәрбиесіне жететін өмір жоқ. Балалардың дұрыс қалыптасуы олардың отбасындағы сүйіспеншілік, кішіпейілділік, сыйластық, жауапкершілік, қайырымдылық, сезімталдық, т.б. адамгершілік қасиеттерінің даму негізіне байланысты болады.

Сонымен қатар, отбасылық құндылықтар, шаңырақтағы отағасылардың міндеті мен мақсаты, аналық міндеттер, бала тәрбиесі, аталар мен әжелердің рөлі т.б. туралы газет-журналдар шығаруды ұсынамын.

Ұл мен қыз тәрбиесінің екі түрі болуы керек: Қазіргі қоғамда отбасылық, білім, тәрбие, медицина, ғылым т.б. салаларда дағдарыс байқалады. Ал дағдарыс дегеніміз отбасылық тәрбиеден басталады емес пе? Адамдар арасындағы қарым-қатынаста өзімшілдік шарықтау шегіне жетті. Бірақ өзімшілдік адамдардың белгілі бір деңгейге дейін жетуіне үлкен ықпал етеді, сол үшін де қажет. Еркектердің тәрбиесіндегі маңызды жайт: 0-3 жас аралығында балаға әкені сезіну  қажет, 3-8 жас аралығында әке баланың сенімді досына айналуы тиіс, 7-18 жаста – тәлімгері, 20 жастан кейін баланы тәрбиелеудің қажеті жоқ, бірақ әке балаға әрқашан тірегі болуы қажет. Ол – ендігі дайын өнім. Оны өзгерту мүмкін емес.

Әкенің мінез-құлқы, өзгелермен қарым-қатынасы, өнер-білімі ұл баланың көз алдындағы үлгі-өнеге алатын, соған қарап өсетін нысанасы. Қазақта біреудің баласы жақсы, өнегелі азамат болса: «Оның әкесі немесе атасы жақсы кісі еді, көргенді бала екен, өнегелі жерден шыққан ғой», – деп мадақтайды. Отбасында ұлдар әкелері немесе аталарының бойындағы қасиет пен өнерін үйреніп өскен. Шығармашылықта, ақындықта танылған жас баланың тәрбиесіне аса назар аударылған. Ата өнерін ұрпағының қууы, оны мирас етуі қазақ отбасыларында жиі кездесетін дәстүр «Әкесінің баласына қалдырған ең үлкен мұрасы – оны жақсы тәрбиелеуі» дей отырып, баласын оқытып, күнін көре алатындай мамандық иесі етіп қалдыру, балаларды жақсы көріп, оларға көңіл бөлу, үйленер жасқа келгенде баласын үйлендіру, баласына ат қою, баласын сау етіп өсіру – бұлар әкенің басты міндеттерінің бірі.