«Елек»

Ақпан айының 27 күні #6орта мектебінің жанынан құрылған «Елек» пікірсайыс клубының жұмысын насихаттау мақсатында, «Болашақ жастардың қолында» тақырыбында
«Шапағат» қоғамдық қорының дінтанушы, тарихшы маманы, Атырау пікірсайыс мектебінің мүшесі,
Түркия мемлекеті Кайсери қаласының Эрджиес уневерситетінің докторанты Ернар Абзалұлымен zoom платформасы арқылы онлайн кездесу өтті. Кездесу барысында дебаттың қыр-сырларын, ережесін ,өзінің қалай үздік ойыншы атанғанын оқушыларға айтып, əсерлі əңгімесімен бөлісті. Сондай-ақ оқушыларға Түркияға қалай оқуға түсуге болатынын, Түркия мен Қазақстанның білім жағынан айырмашылығын айтып берді. Оқушылар көптеген сұрақтар қойып, ұтымды жауап ала білді.
Ернар Абзалұлы оқушыларға кітап оқудың пайдасы орасан екендігін, «жаксы кітап оқу- ақылды адаммен сырласқанмен бірдей» деп өзінің ағалық ақылын айтып, барлығына ақ жол