Жадынама Баласының сеніміне кіру үшін ата-анаға қажетті кеңестер

Жадынама

Баласының сеніміне кіру үшін ата-анаға қажетті кеңестер.

Құрметті ата – ана!

Қазақ халқы дүниеге жаңа келген баланы періштеге теңеген. Ал сол баланың қандай болып ер жетуіне ең алдымен ата-ана тәрбиесінің ықпалы күшті екені жасырын емес. Ата-ана тәрбиесінің өз жемісін беруі, баланың тәрбиелі болып ер жетуі көп жағдайда бала мен ата-ана арасында өзара сенімнің болуына байланысты.

Сондықтан төменде берілген кеңестерге назар салыңыз!

-Балаңызға қандай жағдайда болса да көмек сұрап келген кезде көмектесуге әзір болыңыз;

-Мектепте күнделікті болып жатқан оқиғалар туралы балаңыздан сұрап біліп отырыңыз;

-Балаңыздың бойындағы, көңіл – күйіндегі өзгерістерді үнемі бақылап жүріңіз;

-Әр түрлі шешімі қиын мәселелерге байланысты пайдалы ақыл кеңестер беруге тырысыңыз;

-Балаңыздың жас ерекшеліктерін ескеріңіз, балаңызға кеңес бермес бұрын мектеп психологынан немесе класс жетекшісінен кеңес алып, тығыз байланыста болыңыз;

-Балаңыздың достарының қандай екенін ертерек анықтаңыз;

-Балаңызды мектепте және мектептен тыс уақыттағы тәрбиесін үнемі қадағалап отырыңыз;

-Балаңыздың болашағына – отбасындағы тәрбиенің елеулі әсер тигізетінін ұмытпаңыз;

-Балаңызға берген уәдеңізді әрқашанда орындаңыз.

Жадынама

Егерде сен қиын жағдайға тап болсаң!

                                                                                      Құрметті оқушы!

Өмір жолы – қиын жол. Сол жолда адам баласы сан қилы қиындықтарды басынан өткеріп, оларды ерік – жігерін жұмылдыра отырып еңсеруге тырысады. «Алынбайтын қамал жоқ» демекші адамның сол қиындықтарды жеңуге өз тарапынан құлшынысы, ұмтылысы болса, бәрін де жеңіп, алдына қойған арман – мақсаттарына жетуге ерік- күші толық жетеді. Бұл қиындықтар күнделікті өзіңді қоршаған адамдармен (ата-ана, достарың, мұғалімдер, өзге де ересек адамдар) қарым – қатынаста кездесетін келіспеушіліктер, дау- жанжал, т.б. жағдайлар болуы мүмкін.

Сондықтан төменде берілген кеңестерге назар аударған жөн!

– әрбір баланың ең бірінші ақылшысы  – ата –анасы. Сол себепті мектепте болатын түрлі жағдаяттарда өз – өзіңді қалай ұстау жөнінде ата-анаңмен ақылдас;

– мұғалімнің берген ескертулерін, жазалау шараларын түсіністікпен қабылдап, өз кемшіліктеріңді жоюға тырыс;

– мектепте сыныптастарыңмен, өзге оқушылармен, мұғалімдермен сыйластық қарым – қатынаста болуға тырыс;

– себепсіз пәле-жаладан өз – өзіңді қорғау үшін әр уақытта да шыншыл бол, өз ойыңды еркін айта біл, өз құқығыңды қорғай біл;

–  мектепте жүрген кезіңде шешімі қиын мәселелерде саған ақылшы болатын, көмек қолын созатын мұғалімдер, сынып жетекші, мектеп психологі бар екенін есіңде ұста;

– қандай қиын кедергілерге кездессең де оны жеңуге болатынын біліп, ерік- жігеріңді соған жұмылдырып, жоюға тырыс;

– «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дегендей өзінің кездескен қиындықтарыңды шамаң келгенше өзің қажет деп тапқан адамдарыңмен бөлісіп, олардан ақыл – кеңес, көмек сұрауға тырыс.

Жазғы демалыс кезінде балалар қауіпсіздігі туралы ата-аналар үшін жадынама

Балалардың демалып және сау болуы үшін, ата-аналармен, туысқандарымен, достарымен демалысты ұйымдастыру кезінде бірқатар ережелер мен талаптарды есте сақтау керек.

Балалар бойына жеке қауіпсіздігін сақтау дағдыларын қалыптастырыңыздар; балалармен жеке әңгіме жүргізіңіздер; маңызды ережелерді түсіндіріңіздер; оларды ұстану өмірлерін сақтауы мүмкін; баланың бос уақыты мәселесін шешіңіз.

Есте сақтаңыз!

  1. Қараңғы түскен уақыт пен түнде (20.00-ден кейін) балалар мен жасөспірімдерге үлкендерсіз көшеде жүруге заңды түрде тыйым салынады;
  2. Өз балаңыздың қайда, кіммен жүргені туралы үнемі біліп отырыңыз, барған орнын бақылаңыз; бөгде адамдармен сөйлесуге тыйым салыңыз. Балаңызға егер біреу оған қиянат жасағысы келсе, әрқашан кімге болса да «жоқ» деп айтуға толық құқығы бар екенін түсіндіріңіз; қандай жағдай болмасын танымайтын адамдардың көлігіне отыруға болмайтынын түсіндіріңіз; не болса да, балаңызға қандай жағдай болмасын оның болған уақиға туралы сіздің білуіңіз қажет екенін айтып, оған ашуланбайтыныңызды, оның жағында болатыныңыз туралы сендіріңіз. Құпияда ұстауға уәде берсеңіз де, кейбір фактілерді құпияда ешқашан сақтауға болмайтынын түсіндіріңіз;
  3. Судағы жүзу мен ойындар рақаттанғаннан басқа баланың өмірі мен денсаулығына қауіп туғызады. Балаңыз суда болған уақытта одан көз алмаңыз, басқа нәрсеге алданбаңыз- сол сәттегі минут қайғылы жағдайға ұшыратуы мүмкін, балаларға жалғыз суда шомылуға, сонымен қоса білмейтін жерде сүңгуге болмайтынын міндетті түрде түсіндіріңіз, балаларға қарап отырған ересек адамның өзі де жүзуді, алғашық көмек көрсетуді білуі тиіс, қолдан дем алдыру мен тікелей емес жүрек уқалауын жасауды жүргізуді білуі тиіс.
  4. Жол-көлік уақиғасының құрбаны немесе себепші болмауы үшін, балаларға жол жүру ережелерін үйрету қажет, жолда және қоғамдық көлікте мұқият болуды үйретіңіз; балалармен ойын және спорт алаңында, жорыққа шыққанда абайлаңыз және қауіпсіздік талаптарын сақтаңыз; велосипедте, квадроциклда, мопедте, мотоциклда балармен жүру ережені жаттаңыз.          
  5. Отпен мұқият болыңыздар. Отпен мұқият болмағандықтан өрт жағдайларының кең тараған уақиғаларына балалардың назарын аударыңыз; баланың отпен сотқарлығы; сөндірілмеген көмірлер; сөндірілмеген темекі қалдықтары, сіріңкелер; саяжай мен орман жиегіндегі жер иелерінің қоқысты жағулары; шөптерді өртеу; қысқа мерзімге тұйықталу; электротехникалық құрылғыларды, тұрмыстық құралдарды, пештерді пайдалану.
  6. Балалар табиғаттан бейқам және сенгіш екенін есте сақтаңыз. Балаларда алаңғасарлық болатына назар аударыңыз. Сондықтан, өзін ұстаудың оңай ережелерін балардың есіне жиі салуыңыз, олардың есте сақтап және оны қолдануына мүмкіндік береді. Сіз оны үнемі естеріне салып отыруға міндеттісіз.

Есте сақтаңыз! Бала ата-аналары – сізден үлгі алады! Сіздің үлгіңіз баланы көше мен үйде тәртіпті болуына үйретсін. Қайғылы оқиғалардан балаларды сақтау үшін, барлық мүмкіншіліктерді жасауға тырысыңыз!

Әр оқушы өз бойында Қазақстан Республикасының

жас азаматының жоғары адамгершілік қасиеттерін

қалыптастыруға міндетті.

  1. Ғылым мен білімнің негізін қалап, өз біліміңді жетілдір.
  2. Сабаққа кешікпей таза, ұқыпты киініп сабаққа керекті құрал жабдықтарыңмен дайын кел.
  3. Ең бірінші мұғалім талабына сәйкес күнделікті көрсет және күнделікті үй тапсырмасын жаз.
  4. Мектеп ішіндегі, мектеп ауласындағы жұмыстарға шамаң келгенше көмектес.
  5. Қоғамдық өмірге белсене араласып өзіңді саналы түрде болашақ мамандық таңдауға дайында. Еңбек тәрбиесі бойынша тапсырмаларды орындау барысында қауіпсіздік техника ережелерін қатаң сақта. Өрт қауіпсіздігі, жол ережелерін оқып, біл және сақта
  6. Мектептің қоғамдық-мәдени іс-шараларына, оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымына белсене қатыс.
  7. Туған жердің табиғатын, халқыңның байлығын сақтап, қорғап көбейтуге ат салыс.
  8. Мектептің, өзіңнің және басқаның мүлкін сақтауға, мектеп ауласындағы тазалық пен тәртіпті сақта.
  9. Оқушы мектеп мүлігін бүлдірсе, оны ата-анасы орынан келтіру керек;
  10. Біреудің затын рұқсатсыз иемденуге болмайды, жоғалған немесе ұмытып кеткен затты кезекші мұғалімге немесе әкімшілікке тапсыру керек;
  11. Сабақ кезінде медбикенің немесе сынып жетекшінің рұқсатынсыз кетуге болмайды;
  12. Босатылған сабақтар үшін оқушы сынып жетекшіге анықтама немесе ата-анасынан ескертпе қағаз әкелу керек;
  13. Салауатты өмір салтын сақтап, жүйелі түрде спортпен айналысып, шынық, өзіңді Қазақстан Республикасының Қарулы күштер қызметіне дайында.
  14. Заманауи талапқа сай мәдениет пен техниканы меңгеріп, әр түрлі шығармашылық қабілеттеріңді дамыт.
  15. Өз еңбегіңді дұрыс ұйымдастырып, уақытыңды үнемді пайдалан.
  16. Қоғамдық орындар мен көшеде әдеп ережесін сақта.
  17. Достарыңа адал болып, мектеп ұйымының тұтастығын сақтап, оның пайдалы жақтарын дамыт;
  18. Ата-ана, отбасы мүшелеіне құрмет көрсетіп, үй шаруасына көмектес.
  19. Ұстаздардың еңбегіне құрметпен қара. Мұғалімдердің, оқушылардың өзін өзі басқару ұйымының талаптарын белсенді қолдап, орында.
  20. Мектеп формасын, алғашқы әскери дайындық, дене шынықтыру пәндерінің бекітілген киім үлгісін қатаң түрде сақта.
  21. Қоғамдық, жеке бас гигиенасын, қысқа және үзын шашты жинап оқушыға сай шаш үлгісін сақта.