ОҚЫРМАН НАЗАРЫНА! НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН!

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!

Нормативтік құжаттардан үзінді

І.«Коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезеңінде орта білім беру ұйымдарында оқу процесін іске асыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдар» № исх: 484   от: 17.11.2020 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы «13» тамыздағы № 345 бұйрығына қосымшасы негізінде

2.3 Кезекші сыныптардың қызметі санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтаған кезде, оның ішінде осы тәртіпке сәйкес жүзеге асырылады.

20….Балалардың ата-аналары немесе заңды өкілдері оқу күні басталар алдында жалпы білім беретін мектептің сыртқы есіктеріне дейін балаларды алып жүруді және оқу күні аяқталғаннан кейін жалпы білім беретін мектептің сыртқы есіктерінен үйге дейін балаларды алып жүруді жүзеге асырады.

ІІ.Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі 2020 жылғы 28 тамызы № ҚР ДСМ-98/2020 Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 16 тамыздағы т№ 611 бұйрығымен бекiтiлген «Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары негізінде                                                                                             156п. Білім беру ұйымдарында ата-аналарды (заңды өкілдерді) және басқа да келушілерді, оның ішінде жүкті әйелдерді және білім беру ұйымдарына барғанға дейін 14 күн бұрын шетелден келген білім алушыларды (карантин), 65 жастан асқан адамдарды жіберу шектеледі.  Ата-аналардың (заңды өкілдердің) балаларды жалпы білім беретін мектептерге алып жүруі мектепке кіргенге дейін жүзеге асырылады.

ІІІ. Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары А.Бекеттің Ақтөбе қалалық білім беру мекемелерінде сақтық шараларын ұйымдастыруды айқындау туралы хаты негізінде.                                                                                                                                            ІҮ. «Ақтөбе қаласының білім бөлімі» ММ 2020 жылғы 30 қазандағы№ 660 бұйрығы негізінде

2. Білім беру ұйымдарына мынадай адамдар жіберілмейді:

1. расталған СОVID-19 жағдайларымен байланыс,

2.жіті респираторлық аурулардың белгілері  бар адамдар,

3.білім беру ұйымдарына қатысы жоқ бөгде азаматтар.

Жеке сұрақтар бойынша қабылдау уақыты:

сабақтан тыс уақытта  / дүйсенбі-жұма күндері / сағат 16.00-18.00

ӘКІМШІЛІК