Жасөспірімдердің физикалық және психикалық денсаулығын нығайту бағдарламасы туралы ата – аналарды / қамқоршыларды ақпараттандыру.

Ғ.Ақтаев атындағы № 6 орта мектебі

Жасөспірімдердің физикалық және психикалық денсаулығын нығайту бағдарламасы туралы ата – аналарды / қамқоршыларды ақпараттандыру.

Сіздің балаңыз оқитын мектеп физикалық және психикалық денсаулықты нығайту бағдарламасына қатысуда. Аталмыш бағдарлама Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігімен және Денсаулық сақтау министрлігімен бекітілген. Бұл бағдарлама оның 3 түрлі құрамдас бөлігін жүзеге асыру арқылы  жасөспірімдердің  психикалық денсаулығын нығайтуға және өз – өзіне қол жұмсау әрекеттерінің алдын – алуға бағытталады.

1. Ата аналарды ақпараттандыру.

2. Мектеп қызметкерлерін  оқыту – мектеп ұжымының қатысуымен стресс жағдайында жүрген немесе өзін өзі жою әрекеттерінің болу қаупі жоғары топқа жатуы ықтимал оқушыларды  анықтау әдістеріне үйретуге бағытталған  дәріс.

3. Оқушылардың  хабардарлығын  арттыру бағдарламасы сыныпта өткізілетін  және оқушылардың  психикалық  денсаулық  саласындағы хабардарлығын арттыруға, шешім қабылдау қабілеттерін дамытуға және қажет болған жағдайда психологиялық  көмек іздеуге итермелеуге бағытталған үш дәріске негізделген. Бағдарламаның  бұл бөлігінде әрбір балаға кітапша алады және мектеп психологы өткізетін үш интерактивті дәрісті тыңдайды. Ерікті түрде және өз бетінше сауалнама толтыру арқылы  психологиялық  стресс  жағдайында жүрген және өзін – өзі жою әрекеті туу қатері жоғары оқушыларды ерте анықтауға, сонымен бірге, нәтижесінде қажет болған жағдайда кәсіби көмек пен ем алу үшін ұсыныс – кеңестер беруге бағытталған бағдарлама. Құпиялылықты сақтау үшін әр оқушыға дербес код тағайындалады. Мектепке және мұғалімдерге балаңыздың психикалық денсаулығы туралы ақпарат берілмейді, мұндай ақпарат  мектеп психологымен  ағымдағы тәжірибеге, мемлекеттік заңдарға және ережелерге сәйкес құпия сақталады. Бағдарламамен танысып шығу үшін Сізге арнайы презентация ұсынамыз.

Loader Loading…
EAD Logo Taking too long?

Reload Reload document
| Open Open in new tab