Оқушылардың адаптациялық кезеңдегі мотивтерін зерттеу және жағымды қарым қатынас орнату

«Ғ.Ақтаев атындағы №6 орта мектебі» КММ

Оқушылардың адаптациялық кезеңдегі мотивтерін зерттеу және жағымды қарым қатынас орнату

16.10.2018 күні 5 «А», 5 «Ә», 5 «Б», 5 «В», 5 «Г» сыныптарынан кіші буыннан, орта буынға бейімделуін анықтау мақсатында Лусканова «Мектепке қарым қатынасым», «социометрия», «менің сыныбым әдістемесі» жүргізілді.  

5 «А» сыныбы «Мектепке қарым қатынасым» сауалнамасы бойынша ерекше ұнайтын пән математика, қиындық туғызатын пән ағылшын.

5 «Ә» сыныбы «Мектепке қарым қатынасым» сауалнамасы бойынша ерекше ұнайтын пән

Дүниетану, математика. Қиындық туғызатын пән жаратылыстану, қазақстан тарихы.

5 «Б» сыныбы «Мектепке қарым қатынасым» сауалнамасы бойынша ерекше ұнайтын пән

математика, қиындық туғызатын пән ағылшын.

5 «В» сыныбы «Мектепке қарым қатынасым» сауалнамасы бойынша ерекше ұнайтын пән

Дене шынықтыру, математика. Қиындық туғызатын пән жаратылыстану, ағылшын.

5 «Г» сыныбы «Мектепке қарым қатынасым» сауалнамасы бойынша ерекше ұнайтын пән

Математика, қиындық туғызатын пән ағылшын.

Оқушының сынып ұжымына бейімделуін анықтау мақсатында «Менің сыныбым әдістемесі» жүргізілді. Нәтижесінде 5 «А» сыныбында бейімделуі қиын Қонысбай Нұрай, Шәкіржанов Мансур анықталды.  5 «Ә» сыныбы бойынша бейімделуі қиын Жұиағалиев Серікбол. 5 «Б» сыныбы бойынша бейімделуі қиын Абдикаримова Аида, Канипбаев Нұрмұхан. 5 «В» сыныбы бойынша бейімделуі қиын Мұраткалиев Санжар, Көлбай Асыл,Тулебаева Альбина. 5 «Г» сыныбы бойынша бейімделуі қиын Әбилханова Жайна, Аманшин Мақжан анықталды.

Сауалнама қорытындыларынан кейін әр сыныпқа төмендегідей психокоррекциялық жұмыстар жүргізілді.

«5-ші сынып дегеніміз не ?»

Мақсаттары:  балаларды сабақтың мақсаттарымен жұмыс түрімен таныстыру, сабақта өзін-өзі ұстау ережелерін қабылдау; ішкі ресурсты іске асыру, құрдастарымен бірге пікірталастарға қатысу және сұрақтарға жауап беру.

Міндеттері: Бастауыш мектеп оқушысымен салыстырғанда бесінші сынып оқушысының мәртебесі туралы түсінікті дамыту; әрбір баланың өзі басқаларға таныстыруына мүмкіндік беру.

Танысу  «Есім және гүл» жаттығуы

Ережелерді қабылдау. Тақырып бойынша жұмыс:

«Сөйлемді жалғастыр» ойыны

«Бастауыш мектептен менің есімде қалғаны…», «Бесінші сыныпта менің …. көргім келеді…».

Жаттығу: «Кім… нені»

«Мектеп жолы» жаттығуы.

«Мен үшін не маңызды?» жаттығуы.

Осы сабақтардағы жұмыстар дамуға ықпал ететіндей құрылған: өзін – өзі жетілдіруге деген ұмтылыс; серіктестікпен қызмет ету, жарысу дағдыларын, қарым-қатынас жасау түрлерін, қабылданған шешімге деген жауапкершілікті, өзіне бақылау жасау қабілеттерін, көңіл-күй құбылыстарына бақылау жасау қабілеттерінің дамуына ықпал жасауға құрылды.

                Мектеп психологтары :                           Г.З.Абишева

                                                                                   К.Т.Сагинбаева