Әлеуметтік педагогтың мектептегі қызметі

         1991 жылдың мамыр айының 20-да КСРО халыққа Білім беру жөніндегі Мемлекеттік комитеті «Әлеуметтік педагог» мамандығын бекітті.

         Әлеуметтік педагог-ол тәрбиеші емес, сынып жетекшісі, тәлімгер емес, ол белгілі бір нормадағы қызметті үйлестіруші.
         Мектептегі әлеуметтік педагогтың басты мақсаты – оқушының әлеуметпен жан-жақты қарым-қатынас ортасын құру. Әлеуметтік педагогтардың негігі жұмыс нысаны балалар мен жасөспрімдер болып табылады. Ол-әртүрлі әлеуметтік-мәдени орталардағы балалармен тәрбие  жұмысын  ұйымдастыратын маман, жеке тұлғамен оны қоршаған шағын ортаның психологиялық-педагогикалық ерекшеліктерін зерттейді, оқушылармен тәрбиеленушілердің қызығушылықтары мен мұқтаждықтарын, мінез құлқындағы ауытқушылықтарын, шиеленісті жағдайларды анықтайды және уақтылы көмек көрсетеді, жеке тұлға мен білім беру мекемесінің, отбасының, ортаның билік органының арасында делдал ретінде әрекет етеді; оқушылардың құқықтары мен бостандықтарының жүзеге асуына ыңғайлы және қауіпсіз жағдай құрады; олардың өмірі мен денсаулығын қорғауға, жалпыға білім берудің орындалуына, салауатты өмір салтын насихаттауға көмектеседі; балалардың таланттарын дамыту үшін оларға жағдай жасайды.

         Әлеуметтік педагог отбасымен жұмыс істеу барысында «жеке тұлға-отбасы-қоғам» жүйесіндегі өзара қарым-қатынастарды реттеп отырады.
         Осы қағидалар отбасы мен балаларға көмек көрсетуді қамтамасыз етеді. Әр баланың әлеуметтік тұрмыстық жағдайын терең зерттеу оларды келекшек қорғап, қамқорлыққа алуға септігін тигізеді.    Сондықтан мектепте аз қамтылған отбасы оқушыларының әлеуметтік картасы жасалады.
         Осы карта бойынша аз қамтылған, көп балалы отбасы, жетм, толық емес отбасы, жұмыссыз отбасы есепке алынады. Сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі мүгедек оқушылар да назардан тыс қалмауы керек.
         Қазіргі кезде елімізде экономикалық және әлеуметтік қиындықтар орын алғаны бәрімізге белгілі. Халықтың басым көпшілігі жұмыссыз болғандықтан әлеуметтік тұрмыс жағдайы төмен отбасылардың саны аз емес. Әлеуметтік тұрмыс жағдайы баланың білім мен тәрбие алуына ықпалын тигізеді. Мектептегі әлеуметтік педагог баланың өскен ортасы, жанұясы, қарым-қатынаста болатын жолдастары, сыныптастары туралы сараптап оқу жылына жоспарын жасайды. Жоспар жасауда көптген талапқа сай құжаттар басшылыққа алынады. Сонымен қатар оқу жылында мектептің әлеуметтік паспорты жасалынады.  

          Әлеуметтік педагог ата-аналармен тығыз байланыста жұмыс жүргізіп, оларға жеке кеңес берп, отбасылық мәселелерді бірлесе шешуге көмектеседі.  

Әлеуметтік педагогтың жұмысын ұйымдастыру жолдары

Әлеуметтік педагог мектепте негізгі бағыттарда жұмыс жасайды:

1.Диагностикалық қызмет;

2.Өз қызметінде көмекті қажет ететін балаларды анықтау;

3.Кәмелетке толмағандардың, ата-аналардың құқықтық тәрбиесін ұйымдастыру;

4.Сынып жетекшілері, медициналық қызметкерлер, ата-аналар комитетімен, пән мұғалімдерімен қарым-қатынасты үйлестіру.

Әлеуметтік педагогтың құжаттары:

1. Тәжірибелік жұмыс жоспары;

1 жылға құрастырылған жұмыс жоспары;

Диагностикалық жұмыстар

Құқықтық тәрбие

Отбасымен жұмыс

Класс жетекшілермен жұмыс

Ерекше назардағы баламен жұмыс

Оқушылардың тізімі:

Көп балалы және аз қамтылған отбасылар

Сәтсіз отбасылар

Мүгедек балалар;

Оралман балалардың тізімі

Мектепішілік бақылауда тұратын

Патронаттық  отбасы тәрбиесіндегі балалардың жеке іс қағаздары

.     Атқарылған жұмыстардың жылдық есебі

Әлеуметтік педагогтың нормативтік құжаттары:

  •  ҚР Конституциясы
  • Білім туралы Заң
  • Бала құқығы туралы Конвенция\
  • Бала құқығын қорғау Заңы
  • Неке және отбасы туралы Заң