Күн мен түннің теңелген тұсында…

Күн мен түннің теңелген тұсында, қыстың бейнеті мен қиындығынан аман-есен шығып, халықтың Наурыз мерекесі алдында мәре-сәре болатын шағы да жетті. Бұл күн қол алысып, көрісумен ғана өлшенбейді. Адамдар арасындағы бұрынғы өкпе-реніш кешіріліп, араздық ұмытылады, жақын адамдар бір-біріне амандық-саулық тілейді.

Ғ.Ақтаев атындағы 6 орта мектебі 12.03.2021 наурыз күні
Наурыз мерекесіне орай «Көрісу–ынтымақ пен берекенің бастауы” тақырыпта бірыңғай ашық класс сағаттары өтті. Ашық сабақ барысында Амал мерекесінің шығу тарихы,салт дәстүрлермен таныстырылды.

Ендеше, жаңа өмір, жаңа күнмен көрісетін Амал мерекесі құтты болсын! Ағайын мен туыс арасындағы байланысты бекітетін тамаша дәстүріміз ұмытылмасын!
Таң сібірлеп атысымен Көрісу мерекесін асыға күтіп отырған әрбір отбасына бақыт, береке тілейміз! Жыл құтты болсын!