Ұлы Жеңіске76 жыл толуына орай Ғ. Ақтаев атындағы 6 орта мектебінің әкімшілігі, ұстаздары

 Ұлы Жеңіске76 жыл толуына орай Ғ. Ақтаев атындағы 6 орта мектебінің әкімшілігі, ұстаздары, оқушылары мөлтек ауданымызда тұратын ҰОС ардагері Диденко Михаил Ивановичке мерекелік көңіл күй сыйлау мақсатында шағын концерттік бағдарламамызды арнадық.
Диденко Михаил Иванович, 27.03.192 6 жылы Қостанай облысы, Әулиекөл ауданы, Әулиекөл ауылында туып-өскен.
Қазіргі уақытта Ақтөбе қаласы , Шернияз көшесінде тұрады .
Армия қатарына 1943 жылдың қазан айында майданға шақырылды, 1944 жылдың мамырынан бастап соғыстың соңына дейін 3-ші Беларуссия майданында болған. Беларуссияны азат ету жөніндегі «Багратион» операциясына қатысты. Ол қалалық полиция бөлімі мен ОБХС бастығы болып жұмыс істеді, сонымен қатар әкімдікте жұмыс істеді. Бүгінде ол зейнеткер.
Марапаттары:
1. «Қызыл Жұлдыз» ордені
2. «Отан соғысы» ордені
3. «Құрмет Белгісі» ордені
4. «Әскери ерлігі үшін» медалі
5. «Конигсбергті шабуылдағаны үшін» медалі
6. «Беларуссияны азат еткені үшін» медалі және басқалар. Барлығы 32 марапат.
Отбасы туралы:
Әйелі Тамара Диденко Афанасьевна 1932 жылы туылған
Ұлы-Диденко Виктор Михайлович , Татарстанда дәрігер қызметін атқарады
Қызы-Володина Светлана Михайловна , қаладағы №2 мектепте ағылшын тілі пәнінің мұғалімі болып жұмыс жасайды. Бүгінгі таңда 3 немере ұл, 1 немере қыз, 4 шөбере ұл, 1 шөбере қызы бар.

Барша Қазақстандықтарды Ұлы мереке Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймыз және де елімізге бейбіт өмір әкелген ардагерлерге мың алғыс айтамыз
#ардагерлердіардақтайықағайын