ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР, МҰҒАЛІМДЕР ЖӘНЕ ОҚУШЫЛАР!

“Ғ.Ақтаев атындағы 6 мектеп – гимназия” КММ
“ASHYQ” жобасына қосылды. Қазіргі эпидемиологиялық ахуалға байланысты жан-жақты сақтық шаралары жасалуда. Осыған орай мектебіміз толықтай “Аshyq” жобасына қосылды. Мектепке кіре берісте ата-аналар мен мекеме қызметкерлері QR-кодты сканерлеп, әкімшіге қосымшадан шыққан нәтижені көрсетуі тиіс.
Ескертетін жайт, аталмыш қосымша
4 түс негізінде шешім қабылдайды. Мәселен, “Қызыл” түс – үйде оқшаулану режимін білдірсе, “Сары” түсте тек дәріхана мен дүкенге рұқсат етіледі. Ал, “Көк” түс пен “Жасыл” түстегі статус иелеріне қоғамдық орындарда емін-еркін жүріп тұруына болады.
Денсаулық-басты байлық екенін ұмытпайық!!!
@obrazovanie_gorod_aktobe
@bilim_akimat
@aqtobe_akimat