27.08.2021 күні мектебімізде жаңа 2021-2022 оқу жылының кезекті əдістемелік жиналысы болып өтті.

27.08.2021 күні мектебімізде жаңа 2021-2022 оқу жылының кезекті əдістемелік жиналысы болып өтті. Кеңес төрағасы, мектеп директоры Жанғалиева Шолпан Серікбайқызы кеңесті бастамас бұрын мектеп ұжымын жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады.
Күн тәртібінде:
1. ” Жалпы орта мектеп пен мектеп – гимназиясы статусының айырмашылықтары мен талап-ережелері” Ш.С.Жанғалиева – мектеп директоры
2. “2021-2022 оқу жылындағы оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері” Д.Б.Муханбедиярова- мектеп әдіскері, бірлестік жетекшілері
3. “Бірнеше типтік оқу жоспарларындағы апталық жүктемелер саны, гимназия кластарындағы өзгерістер” А.С.Сүлейменова – оқу-тәрбие жұмысының орынбасары
4. Кері байланыс: “Ұсыныс, пікір, тілектер” Г. Абишева-мектеп психологы
5. Әр түрлі мәселелер
@obrazovanie_gorod_aktobe
@bilim_basqarmasy_aqtobe
@aqtobe_akimat