Отбасы күні

«Ғ.Ақтаев атындағы №6 мектеп гимназиясы» КММ

Қазақстандағы отбасы күніне арналған «Мен отбасыммен бақыттымын»  апталық іс-шара аясында «Елімнің болашағы-салауатты отбасы» атты жүргізілген отбасылық тимбилдинг анықтамасы

15.09.2021ж Отбасылық құндылықтарды нығайту мақсатында, 1 класс оқушыларының жаңа ортаға оңай бейімделуіне жағдай жасау мақсатында Қазақстандағы отбасы күніне арналған «Мен отбасыммен бақыттымын» атты 1 класс ата-аналары мен балалары арасында отбасылық тимбилдингті мектеп психологтары өткізді. Оқушыларға мидың  оң жақ жарты шар және сол жақ жарты шар дамытуға арналған қимылды ойындар жүргізілді. Бұл ойындар арқылы бала миы жақсы дамитындығы дәлелденген. Сонымен қатар ауызбіршілікті, жылдамдықты, тапқырлықты қажет ететін топтық ойындар ұйымдастырылды. Класс жетекшілермен ата-аналар алғыстарын айтып, балалармен бірге өте қызықты уақыт өткізгендерін жеткізді.  Әрбір 1 кластардан қатысқан ата-аналар мен оқушылар алғыс хатпен марапатталып, балаларға өмірлерің де тәтті болсын деген тілекпен тәттілер таратылды.

Қатысушылар :

1 «А» Ақан Айару,  Тұрғанбаева Эльмира

1 «Ә» Дарбеков Арманжан, Жанұзақова Айдана

1 «Б» Абдрахим Омар, Бегимова Ләззат

1 «В» Ерболатұлы Ғибрат, Умарова Аида

1 «Г» Төрегалиев Мадияр, Оспанова Раушангүл

1 «Д» Бисалиев Жангелді, Бисалиева Гүлнұр

1 «Е» Сифулла Расул, Туалбаев Гарифолла