“БАБАЛАР АМАНАТЫ -2,3”

24.09.2021 жылы Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университетінде “БАБАЛАР АМАНАТЫ -2,3” халықаралық Көркем еңбек пән мұғалімдерімен кәсіби суретшілердің туындылары енген кітабымыздың тұсау кесері болды.
Кітабымыз ,Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың 90-жылдығына және Қазақтың аса көрнекті ағартушысы ,ақын,жазушы,ұстаз,этнограф,және қоғам қайраткері Ыбырай Алтынсаринның 180-жылдығына орай шығарылды.
Тұсау кесерге Абай атындағы ҚазҰПҰ-нің Өнер және мәдениет және спорт институты директоры Тоққожа Мұқажанұлы ,Мұқағалиұлы Жұлдыз аға ,ҚР Еңбек сіңірген қайраткері ,профессор Жұмақын Қайрамбаев ,Қаз ҰПУ-нің Түлектер қауымдастығы орталығының директоры Нурбатыров Болатбек Боданович мырза ,Қаз ҰПҰ дің профессоры өнерлі тұлға Раушан Канапьянова ханымдардың ұйымдастыруымен іс шара өз деңгейінде өтті .
Кітап,Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30-жылдығына Көркем еңбек пән ұстаздарының толағай тартуы болмақ !!!ҚР суретшілер Одағының мүшесі ,Көркем еңбек пәнінің ұстазы,ұйымдастырушы Қанағат Қалиұлы Кодеков. @obrazovanie_gorod_aktobe @bilim_basqarmasy_aqtobe @aqtobe_akimat