Жасөспірімдік кезең- балалардың өміріндегі өтпелі, мағызды кезең.

Жасөспірімдік кезең- балалардың өміріндегі өтпелі, мағызды кезең. Бұл жаста бала алғашқы эмоцияларды сезінеді, ғашық болады, өзін тұлға ретінде көрсетеді. Бұл әрекеттер әрқашан сәтті бола бермейді. Сондықтан, балалар тәуелсіз, өз еркі өзінде болып көрінгісі келсе де, олар әлі үлкендердің қолдауына, түсінушілігіне мұқтаж. Осыған орай 13.10.2021ж. күні мектеп мәжіліс залында “Инабат” клубының 5-11 класс қыз балалары үшін, аналар кеңесінің төрайымы Балғабаева Ақмарал Маратовнаның қатысуымен, және мектеп психологтары:Абишева Гүлдана Зинулаевна, Қонысбай Сандуғаш Амандыққызымен кездесу болып өтті. Аналар кеңесінің төрайымы Балғабаева Ақмарал Маратовна қыз балаларға кеңес беріп, өз ойымен бөлісті.
Күн тәртібінде қаратын мәселе:
“Әдепті адам-әдемі азам
”Менің әлемім-сұлулық пен мейірімділік әлем!”
”Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы”
Қыз баланы тәрбиелеу деген сөз – ұлтты тәрбиелеу деген сөз.
Кездесудің мақсаты қыз балалардың мінез -құлқын тәрбиелеу арқылы оларды нәзіктікке баулу, отбасындағы алатын орны, қыздардың сұлулық, жақсы қарым-қатынастар сияқты ұғымдарды түсіндіруге бағытталған. Қыз баланың бой жету кезеңінде болатын физиологиялық және психоэмоционалдық өзгерістер туралы мағлұмат берілді.

#инабатқыздаржиналысы @obrazovanie_gorod_aktobe @bilim_basqarmasy_aqtobe @aqtobe_akimat