“Мұғалімдер тәжірибесі”

 Ғ. Ақтаев атындағы 6 мектеп-гимназиясында директордың оқу-тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары Д.Б. Муханбедиярованың ұйымдастыруымен “Мұғалімдер тәжірибесі” саласындағы кәсіби шеберліктерді шыңдауға, алдыңғы қатарлыларын таратуға бағытталған жұмыстар жүйелі жалғастырылуда. Мектеп тренері Ф.А. Кушекбаева жетекшілік ететін зерттеу тобының мүшесі, биыл үшінші жыл Lesson study сабақтарын үздіксіз жүргізіп келе жатқан 4 “В” сыныбының жетекшісі Бағыланова Асылай әдебиеттік оқу пәнінен “Жазу, сызу, өнер-адамның рухани құндылығы. Саң Жиенің әріп жасауы” тақырыбында таңдаған зерттеу проблемасы ауқымында нәтижеге бағытталған әсерлі сабақ өткізді. Әдіс-тәсілдерді жаңаша, ұтымды пайдалана білген жас маманның кәсіби өсіп келе жатқандығын, зерттеу сабақтарының түпкі мақсатын түсіне білетіндігін байқадық. Жарайсыз, Асылай!
@obrazovanie_gorod_aktobe
@bilim_basqarmasy_aqtobe