Ғ. Ақтаев атындағы 6 мектеп-гимназиясының тренерлері Д.Б. Муханбедиярованың, Ф.А. Кушекбаеваның, А.К. Алдиярованың жетекшілігімен 11-16 қазан аралығында мұғалімдерді оқыту

Ғ. Ақтаев атындағы 6 мектеп-гимназиясының тренерлері Д.Б. Муханбедиярованың, Ф.А. Кушекбаеваның, А.К. Алдиярованың жетекшілігімен 11-16 қазан аралығында мұғалімдерді оқыту және олардың тәжірибесін дамыту мақсатында Lesson Study циклді зерттеу сабақтары ұйымдастырылды. Апталық барысында педагог-модератор және педагог-зерттеуші ұстаздар 5 “Г” сыныбында ағылшын тілінен С.О. Жекеева, 5 “Ә” сыныбында қазақ тілінен Ш.М. Боханова, 6 “Б” сыныбында ағылшын тілінен Д.К. Абугазиева және тарих пәнінен Г.Б. Жәшібай, 3 “Б” сыныбында жаратылыстану пәнінен А.Ч. Умирбаева, 2 “Ә” сыныбында қазақ тілі пәнінен Ж.С. Нуржанова, 4 “В” сыныбында әдебиеттік оқу пәнінен А. Бағыланова жан-жақты дайындықпен, әсерлі өткізді.
Lesson Study мұғалімдердің педагогикалық білімі мен тәжірибесін дамытуда тиімді құрал ретінде дәлелденіп келеді. Мектепішілік желілік қоғамдастықтың “Сабақты зерттеу” бағытындағы нәтижеге бағытталған жоспарлы жұмыстары жыл бойы ынтымақтастықпен жалғасын таба береді. Ұстаздар шығармашылығына сәттілік!
@obrazovanie_gorod_aktobe
@bilim_basqarmasy_aqtobe