БАБАЛАР АМАНАТЫНА БЕРІК БОЛАЙЫҚ!

03.12.2020 Алматыдағы ҚР Ұлттық кітапханасының кең залында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Абайдың 175 және Әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойлары құрметіне еліміздегі көркем еңбек пәнінен сабақ беретін әрі шығармашылықпен айналысатын ұстаздардың «Ғасырлар толғауы» атты онлайн көрмесінің қорытынды жиыны өтті.
Көрме қорытындысы бойынша еліміздегі бейнелеу өнері майталмандарының еңбегі топтастырылған «Бабалар аманаты» атты көрме каталогінің тұсауы кесілді.

Жоба авторы Канагат Көдеков бастаған бұл шарада Жұмақын Қайранбаев, Исрайл Сапарбай, Габиден Жакей сынды ағалар төрден орын алып келелі ойлары мен өз құттықтауларын жеткізді.
Бұл көрмеге Республика бойынша 850 ұстаз өтініш білдірген болса, солардың арасынан 110 шебердің үздік жұмысы таңдап алынып топтастырылған екен, бұл каталогке. Соның ішінде біздің мектептен Күмісқалиев Ардақ Жолдасұлы мен Туысова Ақбота Ерсайновнаның еңбектері «Бабалар аманаты» көрме каталогінде жарық көрді. Мектеп әкімшілігі мен ұстаздар қауымы сіздерді шын жүректен ҚҰТТЫҚТАЙДЫ.

Сіздерге шығармашылық табыс пен еңбектеріңізге жеміс тілейміз!