2020 жылғы 3 желтоқсанда ҚР Ұлттық кітапханасында «Рухани жаңғыру »

 2020 жылғы 3 желтоқсанда ҚР Ұлттық кітапханасында «Рухани жаңғыру » аясында Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы және Әл Фараби бабамыздың 1150 жылдығына орай Республикамыздың барлық аймақтарында көркем еңбек пәнінен сабақ беретін шығармашылықпен айналысатын дарынды ұстаздардың «ҒАСЫРЛАР ТОЛҒАУЫ » атты онлайн көрмесі болып өтті. Көрмені қорытындылай келе, шығармашылықпен айналысатын 110 ұстаздың үздік туындылары жинақталған «БАБАЛАР АМАНАТЫ » атты кітап жарыққа шықты.
Көрмені өткізу мен кітапты шығарудағы мақсат – Республикамыздың түпкір-түпкірінде көркем еңбек пәнінен сабақ беріп жүрген дарынды 110 ұстаздың басын қосып, ұлттық өнерімізбен, басқа да өнер жанрымен айналысып жүрген шығармашыл ұстаздардың еңбектерін дәріптеп, ұрпақтан-ұрпаққа беріп келе жатқан төл өнеріміздің құндылықтарын ғасырлар қойнауындағы сәндік қолданбалы өнер жанрларымен басқа да өнер түрлерін байыта отырып ұрпаққа саналы тәрбие беру.
Кітапқа енген ұстаздардың ішінде мектебіміздің көркем еңбек пəнінің мұғалімі, ұлағатты ұстаз Туысова Акбота Ерсайновнаның туындылары еніп отыр.
Ұлағатты ұстаздарымыздың ерен еңбектері болашақ ұрпаққа үлгі болып қалып жатса, еліміздің тәуелсіздігі мен көк туымыз мәңгі желбіреп, бабалар аманаты ғасырдан ғасырға, саналы, салиқалы, тәрбиелі ұрпағымыздың болашағынан еш алаңдамаймыз дегіміз келеді