«Қашықтықтан оқытудың ерекшеліктері мен маңызы»

    Ғ. Ақтаев атындағы №6 орта мектебінің бастауыш сынып мүғалімдерінің қатысуымен 21.12.2020ж күні семинар өтті. Тақырыбы: «Қашықтықтан оқытудың ерекшеліктері мен маңызы».

    Мақсаты: оқушыларға сапалы  білім беру, оқыту барысында тиімді әдіс-тәсілдерді қолдану.

Семинарда қашықтықтан сабақ өткізіп жүрген мұғалімдер өз тәжірибелерімен бөлісті. Бастауыш сынып мұғалімі: Шуақбайқызы Гүлнұр «Қашықтықтан оқытуда тиімді әдіс-тәсілдердер» туралы өз баяндамасымен таныстырды.

Бастауыш сынып мұғалімі: Бейсенова Перизат «Қашықтықтан оқыту барысында оқушылардың қызығушылықтарын арттыру жолдары» туралы айтып, мұғалімдермен пікір алмасты.

Бастауыш сынып мұғалімі: Бағыланова Асылай өз сабағында қолданатын «Тиімді тәсілдер» туралы баяндамасымен таныстырды.

Бастауыш сынып мұғалімі: Талипова Жадыра «Қашықтықтан оқыту кезіндегі кері байланыс» туралы өз тәжірибесін көрсетті.

Семинар жоғары деңгейде қызықты өтті. Семинарға қатысушылар өз ойларын білдіріп, сұрақтар қойып, өзара пікір алмасты.

Мектеп  директорының  оқу ісі жөніндегі орынбасары: Ф.А.Кушекбаева